Өзбекстандық Баходир Джалолов Болгарияда өткен Странджа кубогінде жекпе-жексіз жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Финалдық айқасқа Джалоловқа қарсы армениялық Давит Чалоян да шықпай қойды.
Оның алдында өзбекстандық Олимпиада чемпионымен жекпе-жектен ширек финалда Қамшыбек Қоңқабаев, ал жартылай финалда әзірбайжандық Махаммад Абдуллаев та бас тартты.
Осы жағдайға байланысты Баходир әлеуметтік желіде ұлттық командасы мен өзінің жеңісінен видео жариялап, қысқа ғана: "Әл-Хамду ли-Ллях" деп жазыпты.