"Қазақтың Ломаченкосы" деген лақап атымен танымал отандық боксшы Махмұд Сабырхан "Elorda Cup" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Сабырханның қарсыласы - отандасы Асылжан Серікбай болуы тиіс еді.
Алайда, Махмұдтың қарсыласы жекпе-жекке шықпады, нәтижесінде "Қазақтың Ломаченкосы" ең жоғары наградаға жылдам әрі оңай ие болды.
Айта кетсек, бүгін "Elorda Cup" финалында бокстан Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Сәкен Бибосынов өнер көрсетіп, чемпион атанған болатын.