Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (13-0, 13 KO) АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде рингке шықты. Олимпиада чемпионының қарсыласы нигериялық Онориоде Эвариеме (20-3, 19 КО) болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, алайда Джалолов бірінші раундта-ақ жеңіске жетті. Өзбекстан боксшысы нигериялықты үш рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Джалолов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 35 жастағы нигериялық боксшының кәсіпқойдағы лақап атты "Годзилла". Сонымен қоса, "Жұмбақ" деген тағы бір лақап аты бар.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz