Чемпионды шалқадан құлатты. Бокс кеші сенсациямен бітті
АҚШ-тың Карсон қаласында өткен бокс кешінің басты айқасы сенсациямен бітті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
25 жастағы Себастьян Фундора (20-1-1, 13 KO) мен 29 жастағы Брайан Мендоса (22-2, 16 KO) арасындағы жекпе-жек бірінші орта салмақ лимитінде өтіп, 12 раундқа есептелген болатын.
Алайда жетінші раундта Фундора нокаутқа түсіп қалды.
Негізі Себастьян фаворит есептелген еді, оның үстіне бастапқы раундтарды оның басымдығы болды. Бірақ жетінші раундта қарсыласына жөнсіз жақын келіп, нокаутқа түсіп қалды.
Осылайша, ол WBC ұйымының уақытша чемпионы атағынан айрылды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу