Бокстан АҚШ құрамасы Ташкентте өтетін ӘЧ-ге қатысудан бас тартты

Бокстан АҚШ құрамасы Ташкентте өтетін ӘЧ-ге қатысудан бас тартты

Әуесқой бокстан АҚШ-тың ерлер және әйелдер құрамасы биылғы әлем чемпионатына қатыспайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі The Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

АҚШ құрамасының қатыспауына бірнеше себеп бар. Олар Ресей мен Беларусь құрамаларының жарысқа өз елінің Туымен қатысуы және төрешілік мәселесі толық шешімін таппағанын алға тартуда. Сондай-ақ AIBA-ға Умар Кремлевтің президент болып сайлауын күмәнді деп санайды.

 

АҚШ әуесқой бокс федерациясы өзге кей елдер де осы факторларды назарға ала отырып, әлем чемпионатына қатысудан бас тартады деген пікірде.

 

Айта кетейік, бокстан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты 2 жылда бір рет өтеді. Олимпиада ойындарынан кейінгі байрақты бәсеке саналады.

 

Ерлер арасындағы биылғы Әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтсе, әйелдер арасындағы бәсеке 15-31 наурызда Нью-Делиде болады. Жарыс жеңімпазы 200 мың АҚШ долларын еншілейді. Күміс жүлдегерге – 100 мың доллар, қола медаль иесі 50 мың доллар табысқа кенеледі.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста