Бокстан әлем чемионатында Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті
Қазақстандық боксшылар Валентина Хальзова мен Фариза Шолтай Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қола медель жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Валентина Хальзова (75 келі) жартылай финалда Кейтлин Паркермен (Австралия) қолғап түйістірді. Хальзова барын салып жұдырықтасқанымен, қоржынын кезекті қола жүлдемен толықтырды.
Қазақстан құрамасының ауыр салмақтағы (81 келі) боксшысы Фариза Шолтай аса тартысты өткен жекпе-жекте қытайлық Ван Линге есе жіберді.
Еске салайық, бұған дейін Алуа Балқыбекова мен Надежда Рябец Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал қазақстандық боксшылар арасында финалға бірінші болып Карина Ибрагимова шықты.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу