Бүгін Талдықорғанда бокстан ел біріншілігінің финалдық жекпе-жектері өтіп, 2015 жылғы Қазақстан чемпиондарының есімдері белгілі болды, деп жазады "Алаш айнасы".
Биылғы ел чемпионаты VІ жазғы Спартакиада аясында өтті. Сондықтан жалпы командалық есептің маңызы зор болды. Бұл ретте Алматы облысы төрт алтынмен теңдессіз шықты. Оңтүстік Қазақстан облысы екі алтын еншіледі. Қалған төрт алтын Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана қаласына бұйырды.
Ал финалдық жекпе-жектер төмендегідей нәтижелермен аяқталды:
49 келі
Мардан Берікбаев (Алматы обл) – Жомарт Ержан (ОҚО) – 3:0 (29:28, 29:28, 29:28)
52 келі
Азат Махметов (Астана) – Азамат Исақұлов (Маңғыстау обл) – 2:1 (29:28, 28:29, 29:28)
56 келі
Дидар Өтелбаев (Алматы обл) – Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау обл) – 3:0 (30:27, 29:28, 29:28)
60 келі
Ержан Мұсафиров (Қарағанды обл) – Жақсылық Ілиясов (ШҚО) – 2:1 (29:28, 28:29, 29:28)
64 келі
Алмасбек Әлібеков (ОҚО) – Сабыржан Бақбергенов (Ақмола обл) – 3:0 (30:27, 30:27, 29:28)
69 келі
Бекзод Халметов (ОҚО) – Азамат Досмағанбетов (Атырау обл) – 3:0 (29:28, 30:27, 29:28)
75 келі
Жәнібек Әлімханұлы (Алматы обл) – Ерік Әлжанов (Маңғыстау обл) – 3:0 (30:27, 30:27, 30:27)
81 келі
Арман Рысбек (Алматы обл) – Шаймұрат Құсайынов (Павлодар обл) – 3:0 (29:28, 30:27, 30:27)
91 келі
Рахман Әлжанов (Атырау обл) – Арбек Әбдуғаниев (Алматы обл) – 3:0 (29:28, 29:28, 29:28)
+91 келі
Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда обл) – Нұржан Бекзатов (ОҚО) – 3:0 (29:28, 29:28, 28:29)