Боксшылар жекпе-жектерін Қазақ хандығының 550 жылдығына арнады

Қызылорда қаласында бокстан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жастар арасындағы республикалық турнир аяқталды, деп жазады "Алаш айнасы".

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған турнирде 1994-1996 жылдары туған боксшылар бақ сынады. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Қызылорда рингінде 166 боксшының сынға түскендігін жариялады.

Бұл турнирге Олимпиада чемпиондары Ермахан Ибраимов (Сидней-2000) және Бақыт Сәрсекбаев (Бейжің-2008) барып, боксшылардың өнерлерін өз көздерімен тамашалап қайтты.

Жалпы командалық есепте , төрт алтын, бір күміс, бір қола медаль олжалаған Қызылорда облысының боксшылары топ жарды.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған турнирдің жүлдегерлері:

49 келі
1. Дулат Дәуітов (Қызылорда обл.)
2. Шалқар Айқынбай (ОҚО)
3. Жәнібек Есқуатов (Маңғыстау обл.) және Ақниет Балтабаев (Қарағанды обл.)
52 келі
1. Сағындық Молдашев (БҚО)
2. Мадияр Жанұзақ (Астана)
3. Ернар Өкен (Алматы обл.) және Әлібек Басапа (Қызылорда обл.)
56 келі
1. Константин Брусенский (Алматы обл.)
2. Айдар Иманғалиев (Алматы обл.)
3. Олжас Қалаубек және Сұлтан Зауырбек (екеуі де – ОҚО)
60 келі
1. Ернұр Өлмесбек (Қызылорда обл.)
2. Дильмурат Мижитов (Алматы обл.)
3. Бақдәулет Ибрагимов (ОҚО) және Қанат Көптілеуов (Маңғыстау обл.)
64 келі
1. Абылай Әлиханов (Жамбыл обл.)
2. Айдархан Нұқанов (ШҚО)
3. Әділ Зәкір (Астана) және Андрей Лейхнер (Ақмола обл.)
69 келі
1. Қазыбай Жалғасбай (Қызылорда обл.)
2. Илья Овечкин (Павлодар обл.)
3.Амандық Манашев (Атырау обл.) және Максим Панарин (Алматы обл.)
75 келі
1. Бекболат Есен (ОҚО)
2. Қуандық Жүсіп (Қызылорда обл.)
3. Рустам Жұмағұлов (Қостанай обл.) және Айтжан Шлеев (Жамбыл обл.)
81 келі
1. Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда обл.)
2. Вадим Казаков (Ақмола обл.)
3. Бекжан Бәкіров (Жамбыл обл.) және Игорь Эрзямкин (Қарағанды обл.)
91 келі
1. Айбек Ерметов (ОҚО)
2. Әбілхайыр Тұрланбеков (Жамбыл обл.)
3. Абылай Бақторазов (Маңғыстау обл.) және Темірлан Қабиев (Қостанай обл.)
+91 келі
1. Қанағат Ахметов (Алматы обл)
2. Сабурғали Самбаев (Маңғыстау обл.)
3. Елдос Қадырбаев (Алматы обл.) және Асылхан Тухтаев (Қарағанды обл.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста