Бокс тарихындағы ең қымбат жекпе-жектер

«Алаш айнасы» интернет-порталы назарларыңызға PPV жүйесі бойынша ұйымдастырылған бокс тарихындағы ең қымбат жекпе-жектерді ұсынады.

Кәсіпқой бокс бүгінде нағыз бизнес көзіне айналды. Көрерменге қызық керек, ұйымдастырушыларға ақша керек. Осылай бокс тіпті pay-per-view (көру үшін ақша төлеу немесе төле де – көр) жүйесінің басты өнімдерінің біріне айналды. Қысқаша жазғанда – PPV. Яғни бокс жекпе-жегін тікелей эфир арқылы көргісі келетіндер ақша төлеулері керек.
Бүгінде кәсіпқой бокста жүрген боксшылардың басым көпшілігі осы жүйе бойынша ақша тауып жүр. Мұндай жекпе-жектерді НВО мен Showtime арналары табыс көзіне айналдырып алды десек қателеспейміз. Осы орайда біз назарларыңызға бокс тарихындағы ең қымбат он жекпе-жекті ұсынуды жөн санады.

1. Кіші Флойд Мэйвезер– Оскар де ла Хойя

Бокс тарихына көз жүгіртетін болсақ, кәсіпқой былғары қолғап шеберлері арасындағы ең қымбат жекпе-жек кіші Флойд Мэйвезер мен мексикалық боксшы Оскар де ла Хойя арасында өткеніне көз жеткіземіз. 2007 жылдың 5-мамырында өткен бұл жекпе-жектің телетрансляциясынан 136,9 миллион доллар көлемінде пайда түскен. Бұл бокс тарихында ең қымбат айқасты НВО арнасы тікелей таратқан. Мэйвезер мен де ла Хойя арасындағы кездесуді pay-per-view (көру үшін ақша төлеу немесе төле де – көр) жүйесі бойынша 2,45 миллион адам тамашалаған екен.

Лос-Анжделес (Невада штаты) қаласындағы әйгілі MGM Grand аренасында өткен бұл кездесудің билетінен түскен пайда да қыруар – 18,5 миллион доллар екен. Жекпе-жекті Golden Boy Promotions пен Don Chargin Productions промоутерлік компаниялары ұйымдастырған. Ал, жекпе-жектің жалпы табысы 165 миллион доллар болған.

Бірінші орта салмақта өткен кездесуде де ла Хойяның табысы 52 миллион болса, Мейвезер бұл айқас үшін 25 миллион «көк қағазды» қалтасына басқан. Айтпақшы, бұл Флойдың бірінші орта салмақтағы бірінші жекпе-жегі болатын. Кіші Мейвезер бокс тарихында ең қымбат жекпе-жек болып қалған кездесуде жеңіске жетіп, Оскардың WBS тұжымыры бойынша әлем чемпионы деген атақты тартып алған.

2. Эвандер Холифилд – Майк Тайсон

1997 жылдың 28-тамызында өткен аса ауыр салмақтағы сол кездегі әлемнің ең мықты боксшылары – Эвандер Холифилд пен Майк Тайсон арасындағы екінші жекпе-жектің телетаратылымы 112 миллион доллар болған. Бұл бокс тарихындағы ең қымбат екінші жекпе-жек.

Даңқты промоутер Дон Кинг ұйымдастырған Холифилд пен «Темір» Тайсон арасындағы кездесуді PPV жүйесі бойынша әлем бойынша 1,99 миллиондай көрермен тамашалаған. MGM Grand-та өткен айқастың билеттерінен 14,3 миллион доллар кіріс кірген. Showtime арнасы тікелей таратқан жекпе-жекті әлемнің 97 елінде көрсеткен екен. Бұл жекпе-жек үшін Майк 30 миллион, Эвандер 35 миллион доллар алған.

Аса ауыр салмақтағы алыптардың айқасы жанкүйер көңілінен шықпады. Кездесудің небәрі үшінші раундында-ақ Майк қарсыласының құлағынан тістеп, бокстан бір жылға шеттетілді.

3. Леннокс Льюис – Майк Тайсон

Бокс тарихындағы ең қымбат үшінші жекпе-жекке Майк Тайсонға тиесілі. 2002 жылдың 8-маусымында аса ауыр салмақтағы Леннокс Льюис пен Майк Тайсон арасындағы кездесудің телетаратылымы 106,9 миллионға сатылған. Жекпе-жекті PPV жүйесі бойынша 1,97 көрермен тамашалаған.

Мемфис қаласында (Теннесси) штатында The Pyramid аренасында өткен кездесудің билетінен 17 миллиондай пайда түскен. Майк бұл айқас үшін 20 миллион доллар алса, Леннокс 25 миллион долларды қалтаға басқан.

Аталмыш кездесуде Леннонкс жеңіске жетті. Кездесудің сегізінші раундында ол Майкты нокаутқа түсірді.

4. Кіші Флойд Мэйвезер – Виктор Ортис

Ең қымбат деген бокс трансляциясының төтірнші сатысына кіші Флойд Мейвезер мен Виктор Ортис арасындағы жекпе-жек тұр. 2011 жылдың 17-қыркүйегінде өткен бұл кездесудің телетаралымынан 78,44 миллион пайда түскен. Оны 1,25 миллион көрермен тамашалаған.

Mayweather Promotions пен Golden Boy Promotions компаниялары бірігіп ұйымдастырған айқасты НВО арнасы тікелей таратқан. Орайы түскенде айта кетейік, Мейвезер пен Ортис арасындағы кездесу тұңғыш рет HD сапасы бойынша көрсетілген.

Бұл жекпе-жекте Флойд 40 миллион доллар пайда тапса, Ортистің есеп-шотына бар болғаны 2 миллион доллар аударылған. MGM Grand аренасында өткен кездесудің төртінші раунда Флойда қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен. Айтпақшы, бұл кездесудің билетттерінен 9 миллион кіріс кірген екен.

5. Кіші Флойд Мэйвезер-младший – Шейн Мозли

Бокс тарихындағы ең қымбат деген кездесулердің үздік бестігін кіші Флойд Мейвезер мен Шейн Мозли арасындағы жекпе-жек түйіндеп тұр. Кездесудің телетаратылымы 78,33 миллион долларға сатылған. Төле де – көр жүйісі бойынша Мейвезер мен Шейн арасындағы айқасты 1,4 миллион адам тамашалаған. Айқас 2010 жылдың 1-мамырында өткен.

Бұл кездесуді Golden Boy Promotions пен Don Chargin Productions компаниялары ұйымдастырып, НВО арнасы тікелей көрсеткен. Мейвезер бұл жекпе-жектен де 40 миллион пайда көрсе, Мозли 7 миллио долларды місе тұтқан.

MGM Grand аренасында өткен кездесуде ұпай саны бойынша кіші Мейвезер 118-110 есебімен жеңіске жетіп, өзінің әлем чемпионы деген атақтарын қорғап қалған. Бұл жекпе-жектің билеттері 11 миллион долларға сатылған.

Бокс тарихындағы ең қымбат жекпе-жектердің ондығына мына кездесулер де кіреді:

6. Эвандер Холифилд – Майк Тайсон (бірінші жекпе-жек) – 77,9 миллион. (1996 жылдың 9-қарашасында өткен бұл кездесуді PPV жүйесі бойынша 1,59 миллион адам тамашалаған)

7. Мэнни Пакьяо – Шейн Мозли – 75 миллион. (2011 жылдың 7-мамырында өткен бұл кездесуді PPV жүйесі бойынша 1,3 миллион адам тамашалаған)

8. Феликс Тринидад – Оскар де ла Хойя – 71,4 миллион. (1999 жылдың 18-қыркүйегінде өткен бұл кездесуді PPV жүйесі бойынша 1,4 миллион адам тамашалаған)

9. Мэнни Пакьяо – Оскар де ла Хойя – 70 миллион. (2008 жылдың 6-желтоқсанында өткен бұл кездесуді 1,25 миллион адам тамашалаған)

10. Майк Тайсон – Питер Макнили – 67,1 миллион. (1995 жылдың 19-тамызында өткен бұл кездесуді 1,55 миллион адам тамашалаған).

PPV жүйесінен ең көп пайда тапқан боксшылар:

1. Оскар де ла Хойя – 612 миллион доллар (18 жекпе-жек),

2. Майк Тайсон – 545 миллион доллар (12 жекпе-жек),

3. Эвандер Холифилд – 543 миллион доллар (14 жекпе-жек).

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста