Бивол кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) алдағы уақытта кіммен кездескісі келетінін айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Негізі Сауль Альварес менімен кездесу өткізбеуі керек еді. Бірақ жекпе-жек өтті. Қалай аяқталғанын білесіз. Енді мен оған құрмет көрсетіп, реванш беруім керек. 

Ал менің басты мақсатым - өз салмағымда абсолют чемпион болу. Мен Джо Смит пен Артур Бетербиев арасындағы кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек өткізгім келеді. Бұл мен үшін тағы да бір жақсы сынақ болар еді. Сонымен қатар, осы айқаста мен өз дивизионымның шынымен мықты боксшысы екенімді дәлелдейтін едім", - деп келтіреді Биволдың сөзін The Sun басылымы. 

 

Еске салайық, Бивол соңғы кездесуін мамырдың басында өткізіп, Сауль "Канело" Альваресті жеңді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімі бойынша ресейлік 115:113 есебімен басым түсті.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста