Бивол Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты

Жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңгеннен кейін Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты ойын білдірді. Бұл туралы vesti.kz тілшісі "Sputnik Қырғызстан"-ға сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

- "Канеломен" өткен айқастан кейін сіз Головкин туралы айтып қалып едіңіз...

 

- Эдди Хирнге қарата айтқам. Ол "Канело" жекпе-жегінің промоутері. Хирн егер де "Канело" мені жеңген жағдайда қыркүйек айында "Канело" – Головкин айқасын өткізетіні жайлы талай айтқан еді. Мен оған әзіл-қалжыңы аралас форматта: "Айып етпе, Хирн. Сенің Головкин мен "Канело" кездесуіне қатысты жоспарыңды бұздым дедім".

 

- Головкинмен жекпе-жек өткізу қаншалықты мүмкін?

 

- Головкинмен қолғап түйістіруім екіталай. Екеуміздің салмақ дәрежелеріміз екі түрлі.

 

- Артур Бетербиевпен ше?

 

- Қазіргі таңда Артур Бетербиевтің еншісінде екі белбеу бар. Джо Смит үшінші белбеудің иегері. Смитпен титулы жоқ кезде жұдырықтасып жеңгем. Олар енді (ред. Бетербиев-Смит) үш титулға айқасады. Менің ойымша, олар менің алдағы уақыттағы қарсыластарым атануы мүмкін.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста