Бейбіт Шүменов: Хопкинспен жекпе-жек алдында 25 келі салмақ қудым

Бейбіт Шүменов: Хопкинспен жекпе-жек алдында 25 келі салмақ қудым

Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов Бернард Хопкинстен не үшін жеңіліп қалғанын айтты, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Сәуір айының соңында Бейбіт Шүменов Вашингтонда америкалық боксшысы Бернард Хопкинспен кездесіп, 12 раундтық жекпе-жекте жеңіліп қалғанын жақсы білеміз. Бұл жартылай ауыр салмақтағы (79,4 келіге дейінгі) чемпиондық атақтарды біріктіру жекпе-жегі болатын. 49 жастағы Бернард Хопкинс IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болса, біздің Бейбіт WBA тұжырымы бойынша суперчемпион еді.
Екі боксшы белбеулерін ортаға тастап, екі тұжырымдағы чемпиондық атақ үшін айқасқан. Өкінішке қарай, кездесу соңында төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша 31 жастағы Бейбіт беліндегі суперчемпиондық белбеуінен айырылып қалды.
Бұл жекпе-жектен кейін отандасымыз біраз дем алды. Кейін АҚШ-қа оралып жаңа салмақта, яғни бірінші ауыр салмақта (200 фунт; 90,7 келі) жұдырықтасу туралы шешім шығарды.
Жаңа салмақтағы бірінші кездесуін Шүменов жақсы өткізді. 13 желтоқсанда Лас-Вегас қаласында кіші Бобби Томаспен жұдырықтасып, бесінші раундқа қарсыласын сұлатын салды. Дәл осы жекпе-жектен кейін Бейбіт тілшілермен кездесіп, бірінші ауыр салмақ ол үшін өте қолайлы екенін айтты.
«Маған 79,4 келі салмаққа қарағанда 90,7 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқаным оңайырақ. Себебі, мен енді бұрынғыдай салмақ қуа алмаймын. АҚШ-қа алғаш келгенімде аса ауыр салмақта немесе бірінші ауыр салмақта жұдырықтасамын ба деп ойлаған едім. Өйткені, ол кезде менің таза салмағым 110 келі еді. Бірақ, мен Лас-Вегасқа келгенімде көптеген мамандар маған - «жартылай ауыр салмақта жұдырықтасқаның дұрыс болар», - деп ақыл айтты. Ақыры, мен бұл ұсынысты қабылдадым. Бірақ, оның қате екенін кейін білдім. Ақталғым келмейді әрине, бірақ Хопкинспен жекпе-жек алдында мен 25 келі салмақ қудым. Әрине, ол жекпе-жекте жеңіске жетуім де мүмкін еді. Алайда, менің шамам оған жетпеді. Жекпе-жек барысында көп соққы жасағым келді, бірақ, физикалық тұрғыда қатты әлсіреп қалдым», - дейді Бейбіт Шүменов.
Сондай-ақ ол жаңа салмақта жаңа бапкермен жұмыс істеп жатқанын да жеткізді. «Алдағы уақытта мен жаңа белестерді бағындыру үшін жаңа бапкермен келісімге келдім. Енді мен кубалық Исмаэль Саластың бастамасымен жаттығатын боламын», - дейді ол.
Әрине, спортшының мүмкіндігін өзінен және бапкерден артық ешкім білмейді. Сондықтан да біз Бейбіттің бұл шешімдерін тек мақұлдаймыз. Бастысы, Хопкинспен болған жекпе-жектен кейін өзіне жақсы сабақ алып, енді ондай қателік жасамайды деген сенімдеміз. Әйтпесе, Бейбітті бүгінде келеке қылып жүрген боксшылар көбейіп кетті ғой ...

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста