Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатына бірқатар елдердің бойкот жариялауына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Жарысқа қанша ел қатысса да біз алтынға тырысамыз. Демек бір қатысушының келмей қалуы менің турнирге назарымды төмендетпейді. Әлем чемпионатына кім қатысады, кім қатыспайды маған бәрібір. Менің басты мақсатым - жақсы өнер көрсетіп, жеңіске жету", - деп береді Джалоловтың сөзін qalampir.uz.