Спорт туралы жазатын "Чемпионат" басылымы орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерге (32-4-1, 26 КО) қарсы жекпе-жегін еске салып, шеберлігіне тамсанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
13 мамыр Стоктонда өткен айқас 12 раундқа есептелген болатын, алайда екіншісінде Жәнібек қарсыласын нокаутқа түсірді.
"Талдырғыштың қолынан бәрі келеді. Боксшыны балуан қылып та жібереді. Бірнеше соққы жасап еді - қарсыласы аяққа жармасты", - делінген басылым жариялаған видеоға жазбада.