Бүгін, 26 қаңтарда Азия чемпионатының финалдық айқастары өтуде, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
22 жасқа дейінгілер арасындағы Бангкокта өтіп жатқан турнирде шаршы алаңға Қазақстан атынан бірінші болып Санжар Тәшкенбай шықты.
Бұл айқаста Санжар өзбекстандық Шодиержон Меликузиевті төрешілер шешімімен жеңді - 29:28, 29:28, 28:28, 29:28 және 29:28
Осылайша, ол ерлер арасында қоржынға бірінші алтынды салды.