Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ыстамбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінің ширек финалында 57 келіге дейін салмақта сынға түскен отандасымыз Ирландия елінің боксшысы Микаэла Уолшке қарсы жұдырықтасты.
Бұл жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан біздің боксшыға берді.
Енді Ибрагимова Тайпей елінің өкілі Линь Ю Еннмен кездеседі.
Айта кетейіік, Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері 18 мамырға жоспарланған.
Ал финалдық жекпе-жектер 19-20 мамырда болады.