Бірінші орта салмақтағы америкалық боксшы Чарльз Конуэлл (18-0, 13 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (13-0, 8 КО) жекпе-жектен бас тартты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Болашақта орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқым келеді, бірақ бірінші орта дивизионда бітпеген істерім бар.
Мен өз категориямда титулды айқасқа шақ қалдым, сондықтан өз мақсатыма жетпей - әлем чемпионы атанбай мен басқа салмаққа кетпеймін", - деп береді боксшының сөзін ESPN инсайдері Майк Коппинджер.