Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі!

Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі!

Қазақ елі – құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.

Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Олардың мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениет, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк Қазақстаннан басқа қай елде жасалды. 

Соңғы жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесi бұрынғыдан да жоғарылады. Қазақстанның ең жоғарғы Заң шығарушы органы Парламентке депутаттар сайлау құқығына ие болды. Ассамблеяның ұсынуымен және оның мүшелерiнiң дауыс беруiмен тоғыз депутат Ассамблеядан сайланады. Бұл елiмiздiң Негiзгi Заңы — Конституция берген мүмкiндiк.

Бiздiң қоғам Қазақстандағы Ахыска түрiктерiнiң диоспорасы болып табылады. Еркiндiк бiздiң диоспораға да берiлiп отыр. Әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрiмiздi және тарихымызды дамытуға, зерттеуге толық мүмкiндiк жасалған. Жексенбiлiк мектептер ашып, ана тiлiмiздi оқытып жүрмiз. Ең бастысы осы мектептердегi оқу мемлекет тарапынан қаржыландырылған. Осы орайда айта кетейiн, бiздер, Қазақстанда мекендеген өзге ұлт өкiлдерi қазақтың тiлiн мiндеттi түрде бiлуiмiз керек. Ол мiндет қана емес, тарихи парыз да. Мен бұл туралы үнемi айтып та, жазып та жүрмiн. Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамының мүшесiмiн. Қиын-қыстау шақтарда басымызға пана болған, халқымызға сая болған қазақ халқының тiлiн бiлу оған деген шексiз құрметiмiздiң бiр белгiсi болса керек. Отбасымда қазақтың ұлттық тағамдарын пайдаланамын. Жан-жарым молдаван қызы Валентина қазақ тағамдарына әбден машықтанған. Үйге қонақ келсе де, жеке өзiмiз болсақ та қазы-қартасын ортаға қойып, қазақтың дастарханын жайып тастайды. Қазақ халқына деген бұл да бiр құрмет емес пе? Менiң есiмiмдi Қазақбай деп қойғанда ата-атамның көңiлiнде де осы халыққа деген бiр мейірiмдiлiк тұрған болуы керек.

Бастысы, біздің таңдап алған жолымыз дұрыс, оның айқын көрінісін өткен жылдар тәжірибесі айқындап берді. Нұрсұлтан Әбішұлының президенттік басқару жолы елімізді экономикалық және саяси күрделі жағдайда дағдарыстан абыроймен шығарды. Содан, нарықтық экономика құрылымының тетігі қалыптасты. Экономикамыздың қарқындап дамуы мен мәдениетіміздің гүлденуі ТМД елдері мен басқаларына үлгілі өнеге болды. Ал Елбасымыздың мемлекетімізде экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалардың дұрыс жүргізілуіне байланысты қалыптасқан ұлтаралық татулықтың тұрақтылығы әлем сахнасында Қазақстанның беделін арттырды.

Бүгінде Елбасымыздың сара жолды, салмақты да салиқалы кемел саясатының негізінде аз ғана уақыт ішінде ерекше ел болып қалыптасқан Қазақстан әлемдік қауымдастықтың алдыңғы көшінде келе жатқанын біз мақтан етеміз. Бүгінде ынтымақтың ошағы жағылып, тұрақтылықтың туы тігілген елімізде күллі қазақстандықтарды бір мақсатқа жұмылдырып, болашақта мемлекекетімізді заман дауылы шайқалта алмайтын, саяси жағынан сауатты, әлеуметтік жағынан тұрақты, экономикалық жағынан қуатты, өрке­ниетті, дәулетті 30 мемлекет санатына қосуға байланысты өте жауапты, күрделі міндет алдымызда тұр. Осы міндетті іске асыру үшін Қазақстанның даму моделін халықаралық стандартқа жеткізуіміз керек. Сөзімнің соңында достық пен ынтымақты ту етіп, бірлік пен татулықты жыр еткен барша Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін дегім келеді.

Қазақбай ҚАСЫМОВ,

Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, 

«Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы.
 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста