Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық табыстың негізінде азаматтық татулық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім жатыр және олар басты құндылығымыз болып қала береді. Осы тұста Қазақстан халқы ассамблеясы орнықты ұлтаралық татулықты сақтау және нығайту бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Достық үйлерінің базасында ассамблея кеңестері, ғылыми-сарапшылық топтар, Қоғамдық келісім, ақсақалдар, аналар кеңестері, ҚХА жастар қанатының отырысы, конференция, дөңгелек үстел, сарапшылармен кездесу және т.б. форматта іс-шаралар өтуде.
Бұлар облыс орталықтары мен ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ аудан орталықтары, кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарында да өтті. Алматыдағы Достық үйінде, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Абилфас Хамедовтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, зиялы қауым өкілдері мен мәдени орталықтардың жастары қатысты. Ел Президентінің Жолдауын талқылауға Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығының төрағасы К.Мирзоев, Алматы қалалық ҚХА төрағасының орынбасары К.Мамсуров, Алматы корейлері ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Г.Кан, еліміздегі орыстар мәдени орталығының төрағасы В.Лукашев, Алматы қалалық ҚХА ҒСТ төрағасының орынбасары С.Ананьева, Алматы қалалық «Ахыска» түрік орталығы төрағасының орынбасары К.Касимов, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ш.Умаров, ҚХА жанындағы Журналистер клубының төрағасы О.Клименко қатысты. Жиында Жолдауда ел тұрғындарының алдына қойылған міндеттер – әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, экономикалық өсудің жаңа моделін құру, біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді қамтамасыз ету мәселесі айтылды.Алматыдағы Достық үйінде, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Абилфас Хамедовтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, зиялы қауым өкілдері мен мәдени орталықтардың жастары қатысты. Ел Президентінің Жолдауын талқылауға Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығының төрағасы К.Мирзоев, Алматы қалалық ҚХА төрағасының орынбасары К.Мамсуров, Алматы корейлері ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Г.Кан, еліміздегі орыстар мәдени орталығының төрағасы В.Лукашев, Алматы қалалық ҚХА ҒСТ төрағасының орынбасары С.Ананьева, Алматы қалалық «Ахыска» түрік орталығы төрағасының орынбасары К.Касимов, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ш.Умаров, ҚХА жанындағы Журналистер клубының төрағасы О.Клименко қатысты. Жиында Жолдауда ел тұрғындарының алдына қойылған міндеттер – әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, экономикалық өсудің жаңа моделін құру, біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді қамтамасыз ету мәселесі айтылды.