Қазақ пен ұйғырға ортақ ұл
Ғасырлар көшінде еліміз сан тарам жолмен жүріп өтті. Бұл ұлы көште ел болашағы үшін шарқ ұрып сабылған, тіпті, осындай адал мақсатпен жүріп, маңдайын тауға да, тасқа да соққан абзал перзенттеріміз болды. Соның бірі – ұйғыр ұлтынан шыққан Абдолла Розыбакиев еді. Тарихымыз бен тұлғалар тағдырына үңіле түсу мақсатында филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің «Көк сеңгірлер» атты кітабынан А.Розыбакиев туралы жазған мақаласын ұсынғанды жөн көрдік.
А.Розыбакиев – туысқан ұйғыр халқына ғана емес, бүкіл Қазақстанды мекендейтін барлық халықтарға ортақ қайраткер. Ол – мұндағы көп ұлттардың бостандығы, теңдігі үшін күрескен революционер. Ол – ұйғыр мен дүнгеннің, қазақ пен қырғыздың, орыс пен басқа да ұлт езілгендерін бірдей көрген, бәрінің де ауыр тұрмыс-тағдырына жүрегі сыздап, жаны ашыған интернационалист.
Бұл игі де ізгі революциялық жұмысында Абдолла ұйғырдың да, қазақтың да, орыстың да газе-журналдарын бірдей мінбе етіп пайдаланған. Ол қазақ баспасөзінің дамуына да көп еңбек сіңірген, әрі қазақ қаламгерлерін баулуда да үлкен ұстаз болған. Сондықтан оны қазақ халқы да өз журналисіміз деп біледі. Мұны баспасөзіміздің ірі қайраткерлері де мойындайды, өз естеліктерінде үлкен ілтипатпен тебірене жазады. Мысалы, партия ардагері, жазушы-журналист Ж.Арыстанов былай дейді: «Абдолла Розыбақиев Жетісуда Совет өкіметін орнатуға белсене қатысқан белгілі революционер бола тұрып, барлық жағынан білімі мен тәжірибесі мол журналист еді». Ал белгілі қарт журналист Сара Есова кезінде: «Жеке өз басымның редакторлық қызметті жете меңгеріп, публицист ретінде қаламымның ұштала түсуіне Абдолла Розыбакиев көп көмектесті» («Социалистік Қазақстан» газеті 25.03.1978) деп ағынан жарылды.
А.Розыбакиевтің революциялық және журналистік жолы 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін-ақ басталған. Өз туысы Розыбакиев Әлиакпармен, ағайынды Мұхамбет, Мұса Рузиевтермен бірге «Верный қаласындағы мұсылман жұмысшыларының Біріккен Одағын» құрған. Сол жылы 14 мамырда қалалық жиналысын өткізіп, оның жарғысын, бағдарламасын талқылаған. Маусым аяғында Одақ мүшелерінің саны 600-ге жеткен. Ол өзінің баспасөз органын шығарған. Бұл жөнінде кейін Абдолла «Біз қалай ұйымдастық?» деген естелігінде былай деп жазды: «Әсіресе, біздің «Садақ» деген күлкілі журналымыздың беделі күшті болды. Оны қала халқы түгіл, ауыл, қыстақ халқы да алдырып, оқитын болды. Журналдың жұмысына Жандосұлы Ораз жолдас белсене қатынасты. Ол буржуаның «көсемдерін», молдаларды әшкерелейтін түрлі мазақ суреттер салатын еді. Журналдың редакторлары Бәшірұлы, Ахметұлы ұйғыр, қазақ ауылдарын аралап, Одақтың міндеттері туралы үгіт жүргізді» («Социалды Қазақстан» газеті, 3.3.1935).
1918 жылы наурызда Верныйда Совет үкіметі орнағаннан кейін, қалада Қызыл Гвардия құрылды. Жақын ауыл, қыстақтардағы санаулы кедей, жаралы-жалшылар да қалаға келіп, оның сапына тұрып жатты. Абдолла бастаған «Мұсылман жұмысшыларының Біріккен Одағындағы» белсенділер де Қызыл Гвардияға жазылды. Артынша соғыс төңкеріс комитеті А.Розыбакиевті Жаркентке жіберген. Онда ол совдепті революцияға қарсы адамдардан тазартып, уездік комиссияларды жаңадан сайлап, Қызыл Гвардия отрядтарын ұйымдастырып қайтқан.
Осы тұста коммунистік партия мен Жастар одағына елдің алдымен кіргендер – О.Жандосов, А.Розыбакиев, М.Рузиев, т.б. Лениндік жолдан таймайтын табанды большевик екенін бұлар Верныйға Д.Фурманов келгенде де, 1920 жылғы маусымдағы бүліншілік күндерінде де ісімен дәлелдеді. Партия, комсомол ардагері Шаяхмет Жармұханбетовтың айтуынша: «Бүліншілік күндері өте қиын күндер болды… Қаладағы партия ұйымдарының бірсыпырасы бүлік шығарушылар жағына кетті. Розыбакиұлы, Жандосұлы сықылды таңдаулылар ғана Фурманов жағында қалды» («Социалды Қазақстан» газеті, 18.4.1935). Бұлар сол ауыр күндерде «Көмек», «Ұшқын», «Кедей еркі», «Тілші», кейінірек «Еңбекші қазақ» газетіндежұртты коммунистік партия төңірегіне топтастыруға, революция жеңісін қорғауға, Совет өкіметін нығайтуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жұмылдырып жатты.
Революционер-қайраткердің қазақ баспасөзіндегі журналистік мұрасына биік идеялылық, оптимистік асқақ пафос тән. Жазғандарында ол ең алдымен коммунистік партияны насихаттаған, оның ел жоқшысы,ел қамқоры екенін тынбай түсіндірген.1921 жылы партия қатарын арам бездерден тазарту, әрбір коммунистің марксизм-ленинизм ісіне адалдығын анықтау мәселесі күн тәртібіне қойылды. А.Розыбакиев осы проблемаға үн қосып, «Кімге партияда орын жоқ?» («Кедей еркі» газеті, 10.11.1921) деген мақаласын жариялады. Бұл сұрауға біздің партияда қанаушыларға, жарлы мұңын ойламаушыларға, өткенді көксеушілірге, мұсылман емес ұлттарға теріс қарайтын ұлтшылдарға, революцияға қарсыларға, бай-манап, би-болыстарға орын жоқ деп бар дауыспен ашық айтты. Лениндік нұсқау, тәртіпті бұзатын адамдардан арылғанда ғана компартия революцияның жеңіс, жемістерін қорғап қала алатынын ескертті. «Коммунистік партия жұмысшылардың, кедей-шаруалардың, еңбекшілердің партиясы. Коммунистік партия езілгендердің әділетті тұрмыс қажеті үшін не істеу керектігін айтып қана қоймай, оларға басшылық етіп, батыл күрестерін басқарады. Демек, езілген еңбекші халық өз партиясының судан тұнық, сүттен таза болуына өздері қамқорлық көрсетуі шарт» деп міндеттеді. Яғни адал ниетті әрбір еңбекші азаматты бар ынта-жігер, ықыласымен партия қатарын тазаласуға шақырды.
«Кәмпеске және партия жұмысы» («Еңбекші қазақ» газеті, 04.11.1928) туралы екінші мақаласында Абдолла сол қиын-қыстау күндердегі партия басшылығын паш етті. «Большевиктік партияның сүйегіне біткен батылдығымен біз кәмпеске науқанындағы кемшіліктерді жарқыратып ашып отырмыз… Ірі байларды кәмпескелеу науқаны ауыл коммунистеріне үлкен сын деген еді партия. Сол сыннан олар сүрінбей өтті» деп қуанды. Оның пікірінше, кәмпеске ауылдағы бір-біріне қайшы екі тапты бетпе-бет келтіріп, күреске шығарды. Жан ұшырған тап күресі басталды. Бұған ауыл коммунистері қатысып қана қойған жоқ, басшылық етті. Бұл олардың өсуіне, таптық жағына өзгеруіне, байлармен туысқандық жібін үзуіне әкеп соқты. Әрі науқан кезінде кедей мен жалшының белсенділігі артты. Олар партияға тіленіп кіріп, оның ауылдағы негізін күшейтті.
Коммунист қайраткер жергілікті партия ұйымдарының нығаю, күшею, кемелдену кезеңдерін де жіті аңғарып отырған. Мысалы, ол «кәмпескені 25-26-жылдары жүргізуге болатын да еді» деп сұрау қояды да, «жоқ» деп кесіп жауап берді. Мұның себеп-сырын былай түсіндіреді: «Оған басшылық жасауға партия ұйымы дайын емес еді. Ол кез – жанталасқан жікшілдік тартысы ұйымның басын даң қылып тұрған шақ. Ол кезде «көсемдер» көпшілікті өзіне тарту үшін партия әдісімен емес, «қазақшылық» әдісімен, жікшілдік пайдасын көздеумен әрекеттенді. Олар үшін партия жікшілдік тартысының майданы болып еді.
Сөз соңында Абдолла партия ұйымдарын әлі де нығайтуға, жат адамдардан тазартуға, саяси бетін айқындай алмай жүргендерді жөнге салуға, жікшілдік қайта бас көтеруіне жол бермеуге шақырды.
Қазақ баспасөзінде А.Розыбакиевтің екінші асқақ «жырлаған» тақырыбы — ленинина. Мұнда ол, әсіресе ұлы көсемнің Күншығыс езілген еңбекшілерінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға төккен терін, жұмсаған күш-жігерін баса көрсетті. «Ленин һәм Күншығыс» («Тілші» газеті, 30.01.1924) атты мақаласында: «Бүгін батыс жұмыскерлерінің төңкеріс әрекетінде жолдас Ленин қанша күш, ақыл жұмсағандығы анық. Жолдас Ленин… азаттық, теңдік туралы жазғанда, сөйлегенде Күншығыста езілген таптарды ескерусіз қалдырмады», – деп көсем еңбегіне ел атынан әділ баға білдірді. Ленин есімі естілгенде Күншығыстағы әрбір кедей еңбекшілдің көңіліне жарық ой, келер өмірге үмітпен қарау туып, жүрегінде азаттық сезімнің оянуы тегін емес еді.
Автордың айтуынша, Еуропа капитализмін жою, құрту үшін жалпы жұмысшылардың қозғаласы қандай керек болса, Күншығыстағы езілген тайпалардың азаттығы сондай керек екенін Ленин әуелден аңғарған, соны ақиқаттап, дүниеге білдірген. Бұрынғы патша үкіметі, қорғау обырлар Күншығыс еліне малша қараған. Олардың есілдерті Күншығысты езу, жер-суын, байлығын, күшін пайдалану ғана болған. Яғни өз құлқынын ғана ойлаған.
Мақала ақырында автор Күнбатыс жұмысшылары өкіметті өз қолына алып, Күншығыс еңбекшілері азаттыққа шықпай, дүниеде татулық, бірлік болмайды, қан төгу тоқтамайды деген В.И.Ленин пікірін келтіреді. Үстем тап өкілдерінің, олардың партияларының аз ұлттарды қорғау, азат ету туралы бос сөздеріне ұлы көсемнің «түлкі тауықты қорғамақшы» деп күлдіретінін еске салды.
Абдолланың құлшына ағыл-тегіл сөз еткен үшінші тақырыбы – Ұлы Қазан революциясы. Кез-келген материалда бостандықты, теңдікті халық шаруашылығының барлық саласында ілгерілеушілікті беріп отырған. Мешеулікті, надандықты, алауыздықты жойып отырған сол Қазан ревоюциясы екенін ол сендіре айтады. «Оқкябрь һәм Күншығыс» («Тілші» газеті, 7.11.1924) деп арнаулы мақалада жарияланды. Онда «Октябрь төңкерісі езілген ұлттарға шын теңдік берді. Сондықтан олар Октябрьді құшақ жая қарсы алды. Қазір оның жеңісін баянды ету жолында күрес жүргізуде. Октябрь төңкерісі ең артта қалған ұлттарды Совет құрылыстарына араластырып, өз жемісін жегізіп отыр», – деп ризашылық білдірді. Орта Азия республикаларын ұлт ретімен қайта құру, ұлт шекараларына бөлу – анық ревоюцияның жолы. Бұл – жергілікті халықтардың арасында совет негізінде әр ұлттың елдігі орнамақ. Революция жолы күшеймек, артта қалған ұлттар жер жүзі еңбекшілерінің интернационалдық бірлігіне барып қосылмақ, ұлт мәселесі түйіннің әділ шешілуі деген сөз деп түсіндірді.
Журналист бұл мақаласында Қазан революциясының халықаралық маңызын да аңғарды. Бұған Күншығыстағы езілген ұлттардың Совет Үкіметіне ашықтан-ашық іш тартып отырғанын, өз озбырларына қарсы Қазан революциясының жолы, тәжірибесін пайдалануға кірісіп жатқанын дәлел етті. Революция қазір барлық шығыс ұлттарына ұран болды, қиялдан шындыққа айналды. Оның Күшығыста да іске асары айдан анық деп зор сенім білдірді.
Автор мақаласын «Жасасын Күншығыстағы Кеңес ұлт республикалары! Жасасын жер жүзі еңбекшілері мен Күншығыс құлдарының қозғалысы!» деген ұрандармен аяқтаған.
Революционер-журналист мұрасының пафосын айқындайтын – төртінші тақырып – халықтар достығы. Бұл проблема – оның барлық материалының арқауы. Абдолла үнемі халықтарды ұлт негізінде емес, тап жігі негізінде достыққа, бірлікке, өзара ынтымаққа шақырып отырған. Мысалы, «Тілші» газетінде жартяланған «Қосшы съезі не берді?» (18.6.1924) деген есебінде орыстың қара шекпендері, кедейлері өз жолдарының кулактардан бөлек екенін ұғып, тап жігін жүргізіп, қазақ кедейлерімен бірге Қосшы одағына кіре бастады деп сүйінді. Жарлы-жалшылар табы қоғамдасып, бірлесіп, коммунист партиясының көрсеткен жолымен жүрмесе, көп күшпен, қан төгіп алынған саяси билік, теңдікті сақтап қала алмайды, қайтадан бай-манап, жуан жұдырықтардың тепкісіне түседі деп ескертті.
«Біздің міндеттеріміз» (1.11.1924) деген мақаласында совет сайлауында Советке 80 процент қазақ пен ұйғырдың, дүнген мен орыстың жарлы-жалшылары өтсін деп ұран тастады. Коммунист партиясы басшылығымен барлық ұлт кедейлері бірігіп әрекет қылса ғана, жуан жұдырық, бай-манаптарға қарсы тұра алады, тежеу салады деп тағы ескертті. Тап жігіне сүйенбей, жалпы ұлттың дүрмегімен кету, ауылжақтыққа салыну – партияның ұлт саясатына қауіпті дерт. Орыс шаруаларының таптық сезімін әлі де оята беру керек, олардың ақ жүрек, адал білімділерін советтерге көп тарту парыз екендігін түсіндірді.
Тағы бір мақаласында Жетісудағы орыс-қазақ еңбекшілері арасындағы шатақтың, ынтымақсыздықтың жойылғандығын, олардың анық бірлік жолына түскендігін, орыс, қазақ, ұйғыр, дүнген кедейлерінің кулактар мен байларға, саудагерлерге қарсы күресті бірлесіп жүргізе бастағанын қанағаттанғандық сезіммен хабарлады. Өз кулактарын әшкерелеуде орыс шаруаларына көмектесу қажеттігін айтты («Тілші» газеті, 3.12.1924).
А.Розыбакиев енді бір топ материалдарын шаруашылық, экономика мәселелеріне арнады. Әсіресе, Қосшы тіршілігі, кооперация жұмысы туралы көп жазды. Жетісу облыстық Қосшы одағының төрағасы болып тұрғанда бұл ұйымның міндеті, маңызы, құрамы, жергілікті жерлердегі жай-күйі туралы бірнеше материал жариялады. «Қосшыны тазарту һәм сұрыптау» («Тілші» газеті, 6.4.1923) атты мақаласында Қосшы ұйымы – кеңес үкіметінің ауыл-қыстақ, қалашықтардағы таянышы, кедейлердің бас қосқан бірден-бір ұйымы, басқаның еңбегін қанаушылардың, бай-манап, жұдырықтардың үстемдігіне қарсы болатын қорғаны. Демек, ол – тап ұйымы деп анықтама берді. Сөйтсе де, – деді ол, – Қосшыға кей жерлерде еңбекшілерден ниеті бөлек кірмелер еніп кетіп, солардың үстемдігі сақталып жүр. Сол табы жаттардың әкімшілікке таласу құралына айналуда.
Осыны сезген А.Розыбакиев Жетісу облыстық Қосшы ұйымының 1922 жылы маусымда өткен екінші съезінде оның да қатарын тазалау, сұрыптау жұмысын жүргізу қажеттігін ескерткен-ді. Мақалада сол нұсқаудың қалай жүзеге асып жатқанын да хабарлады. Кейбіреулердің тазалауды бетке ұстап, адал қызмет істеп жүргендерді даттап, олардың төңірегінде өтірік-өсектер тарататынын сынады. Мұндайларды тоқтаусыз ұйымнан айдап шығу міндетін қойды. Тазалау жұмысына ең адал, ең әділ, ең іскер Қосшы ұйымының міндетін, жолын жақсы білетін адамдарды тарту қажеттігін айтты. Жаңа экономика саясаты кезінде Қосшы ұйымының міндеті басқа, сондықтан олардың жұмыс стилін де, әдісін де жетілдіру керек екенін ұғындырды.
«Жалпы кооперация мейрамы тақырыпты» («Тілші» газеті, 3.7.1924) деген мақаласында кооперацияны саяси ұйым, күрес орны ғана емес, тіршілік, шаруа ісіне де пайдалы екенін, Қазан революциясының оны еңбекшілер қолына бергендігін атап өтті. Кооперация күнінде еңбекшілерді бірігіп, ұйымдасып жеке байлыққа қарсы күрес майданына шығуға шақырады.
Қайраткер-журналист «Тілші» газетінде «XІІІ партия съезі» (28.6.1924) «Облыстық партия конференциясына» (3.2.1924) деген сияқты насихаттық мақалалар да жарияланған. Оларда әлгі съезд бен конференцияның қандай тарихи кезеңде ашылғанын, нендей мәселелер қарағанын, қандай шешімдер қабылдағанын, неге назар аударғанын, қойған міндеттерін әңгімелеген. Соларды айта отырып, Жетісудың тіршілік тынысына да тоқтала кеткен. Мысалы, соңғы аталған материалдан Жетісудың шаруа шарттары ауыр. Темір жолдың жоқтығы, облыс ішіндегі жолдардың нашарлығы шаруа кәсібінің ілгерілеуіне мүмкіндік бермей отыр… Жетісу шаруасының көтерілуі мұндағы уездердің өзара және орталықпен от-арба жолымен қатынас орнатып, Қытаймен сауда байланысын жасауға, мал шаруашылығын мәдени жолға қоюға байланысты дегенді ескертті.
А.Розыбакиевтің журналистік мұрасының бірсыпыра ерекшеліктері бар. Оның жазғандарында қазақ халқының әдет-салты, этнографиялық белгі, дәстүрлері көп әңгімеленеді. Заман, кезеңдердің өзгеруіне байланысты бұлардағы жаңа сипат, жаңа көрініс жіті аңғартылып отырады. Советтердің Орталық атқару комитетінің «Әдет-ғұрып қылмыстары туралы» қаулысынан кейін Абдолла «Еңбекші қазақ» газетінде «Қалыңмал беру, қатын алу туралы» (12.2.1928) үлкен мақала жариялады. Сонда революция нәтижесінде қазақтың рушылдық салтының сарқыты – қалыңмал беру де, көп әйел алу да жаңа сипат тауып, жаңа түр алғанын дәлелді көрсетті. Оның айтуынша, қалыңмал бұрын қоралап айдалған мал түрінде берілуші еді, енді ақша жең ұшынан өткізілетін болды. Алушылар да қуланды. «Қалыңмал» демей, «той малы», «сүт ақысы», «жасау», «киіт» деп жымқыруды шығарды. Көп әйел алушылар да заңға «томпақ» келтірмеудің жолын тапты. Ол жол – әуелгі әйелімен қағаз жүзінде айрылысу, екінші жас әйелмен тіркелу, сөйтіп екеуімен де тұра беру.
Салт-санадағы осындай өзгерістерді көрсете отырып, автор оларға қарсы нақты күрес жолдарын ұсынады. Әлгідей қулық қылықтарға, – дейді ол, қазіргі заңда статья жоқ. Сондықтан заңды өзгерту керек. Бізде қалыңмал берушілер алушылардан жазаны кем тартады. Бұл жөн емес. Қалыңмалды дүние-мүлкі, төрт түлігі сай байлар береді. Соларды баса жазалау керек. Айып тартқызу жолымен солардың байлығына шеңгелді батыра салу – сауап. Көп қатын алатын да – байлар, барлар. Қазіргі заң бойынша олар бұл үшін айып тартады да тынады. Айып төлеу байларға түк емес, төлейді де, қатындарымен тұра береді. Сондықтан осы мәселелер жөнінде де заңға өзгерістер енгізу – шарт.
Бұл мақаласында автор партия, совет, комсомол қызметкерлерінің де қалыңмал беріп, көп әйел алып жүргеніне өкініш білдірді. Сол кездегі қарақалпақ елінің орталығы Шымбайдың 36 коммунисінің бірнешеден әйелі бар екенін, оның 14-і партияға кірмей тұрып, қалғаны кіргеннен кейін көп әйел алғанын, бұл теріс қылықтарын олардың шариғатпен ақтағысы келетінін факт етті. Осымен байланысты дінге қарсы атеистік насихатты күшейту қажеттігін міндеттеді. Бұған ауылдық партия ұяларының, комсомол ұйымдары мен әйелдер бөлімінің назарын аударды.
Осылайша қозғаған мәселелері төңірегінде нақты пікір айту, ұсыныстар жасау – Абдолла жазғандарының екінші ерекшелігі. Ол малға барған әйелдің күні мал берген күйеуі мен қырық жеті алған ата-анасына тәуелді. Сондықтан да олар бостандық іздеп бұлқына алмайды. Күн көру үшін «басқа салды, біз көндік» деп езіліп жүре береді, қиянатқа қарсылық қылмайды. Олардың бас көтеруіне жағдай жасау үшін қалыңмал мен айыпқа алынған қаржыны мұсылман әйелдерінің тұрмысын жөндеу қорына түсіру керек деп мәселе қойды. Тағы бір мақаласында қара шаруалардың өз ұйымы болмай нәтиже жоқ. Оған Қосшы одағы басшылық етсін. Қосшы саяси ұйым ғана емес, шаруашылық жағында ескерсін. Шаруалар арасында кооперация көбірек ашылсын деген ұсыныс жасады.
Қоғам қайраткерінің журналистік мұрасының үшінші бір ерекшелігі – кемшіліктерді құр хабарлап, тіркеп қана қоймай, олардың орын алу себептерін ашу, салдарын көрсету. Мысалы, кәмпеске кезінде кейбір коммунистер ұлтына тартты, руға бұрды, ауылжақтық жасады, туысқан байларын құтқаруға тырысты, өз ортасын аман алып қалу үшін коммисияны басқа рудың байларына арандатты, өш қызметкерлерінің ауылына қарай айдап салды. Туысқандары кәмпескеге ілінсе, ренжіп, шын партия жолындағы, адал қызметкерлерге жала жапты, өсек таратты. Осылайша партияның тап саясатын көпе-көрінеу бұрмалау неліктен орын алды? Мұның себебін Абдолла партия қатарының таза еместігінен, оған байшыл оқығандардың кіріп кетуінен, жікшілдіктің жойылмағандығынан, көп коммунистердің надандығынан, әлеуметтік тұрмыс жағдайымыздың нашарлығынан деп түсіндірді.
Ал бұл дерттерді жоюдың амалы қайсы? Автордың пікірінше, мұның амалы – ұйымды жат адамдардан тазарту, коммунистерді марксизм-ленинизм ілімімен қаруландыру, саяси жағынан, табаны тайғақтарды тәрбиелеу, жікшілдіктің ініне су қую, әлеуметтік, шаруашылық жағдайды жақсарту. Осылайша Абдолланың жазғандарында әр нәрсенің себеп-салдары сара тұрады, міндеттер айқын аңғартылады.
Бұқарашыл революционердің шығармашылық төртінші ерекшелігі – жазғандарынан еңбек адамына деген сүйіспеншілік сезіледі, оның жігер-күшіне, мүмкіндігіне шексіз сенеді, жасампаздық қабілетіне бас иеді. «Еңбекші бұқара бақылауы» атты мақаласында: «Не нәрсені болса да еңбекші бұқараның алдына салып, сынына беріп отыру керек. Сонда ғана кемшіліктерді жойып, сонда ғана жалпы еңбекші бұқараға партияның тәрбиесін бере аламыз… Партия бастап, еңбекшілер қостаса, бітпейтін жұмыс жоқ», – деп батыл айтты. Ауылдағы совет, кооператив, қосшы және басқа орындардың әлсіздігі, жұмысының нашарлығы еңбекші бұқарамен байланыстың аздығынан, соған сүйенбегендіктен. «Ескіден қалған шірік, сасық мінездер бізде әлі жоқ емес. Төрешілдік, кеңесшілдік, қағазбастылық, шаруаны шашып ұстаушылық бар». Бұл сияқты дерттерге қарсы күресу үшін бұқара бақылауы, солардың қолғабысы керек деп білді («Еңбекші қазақ» газеті, 6.4. 1928).
Бұл пікірлерімен журналист Абдолла да бүгінгі қайта құрушылар сапында тұр. Оның еңбекші бұқарамен байланысты күшейту, төрешілдікке, құнтсыздыққа жұмыс стилімізде жол бермеу қажет дегені партия мен үкіметіміздің қазіргі талаптарымен үндесіп жатыр.
Журналист шығармаларына тән тағы бір ерекшелік – оның үн, әуезінде асып-тасып сөйлеу, сапырылыстырып, білгірсу жоқ. Ойын байыппен, салмақпен, қызыл сөзсіз, қиқусыз жеткізеді, логикалық сендіруге сүйенеді. Ұлт мәселесі туралы лениндік ілімді партия ұйымдарының алдына жайып сала қоюға, оның жазғандарын, айтқандарын терең көрсетуге біздің күшіміз жетпейді деп, мүлде кішіпейілдік те көрсетеді.
Қорытып айтқанда, А.Розыбакиев – от кешкен революционер, қарымды қоғам қайраткері ғана емес, жаңа өмірдің, социалистік жаңа құрылыстың жыршысы, жалынды журналист-публицист. Ол газет- журналдарға қатысып отырумен ғана шектелмеген, баспасөзді үнемі насихаттаған. Бұған оның «Еңбекші қазаққа» бақылау орындарында қызмет етіп жүргендер, ауыл-село тілшілері, жалпы еңбекшілер жазып тұруы керек. Жазатындары көбінесе кемшіліктер туралы болуы керек, кемшілік иелерін аямау керек деген сияқты пікірлері – айқын айғақ.
Туысқан ұйғыр халқының осындай ардагер азаматы А.Розыбакиев те 1937 жылы жазықсыз жалаға ұшырады, сталинизм құрбаны болды.Ғасырлар көшінде еліміз сан тарам жолмен жүріп өтті. Бұл ұлы көште ел болашағы үшін шарқ ұрып сабылған, тіпті, осындай адал мақсатпен жүріп, маңдайын тауға да, тасқа да соққан абзал перзенттеріміз болды. Соның бірі – ұйғыр ұлтынан шыққан Абдолла Розыбакиев еді. Тарихымыз бен тұлғалар тағдырына үңіле түсу мақсатында филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің «Көк сеңгірлер» атты кітабынан А.Розыбакиев туралы жазған мақаласын ұсынғанды жөн көрдік.

Туысқан ұйғыр халқының осындай ардагер азаматы А.Розыбакиев те 1937 жылы жазықсыз жалаға ұшырады, сталинизм құрбаны болды.