Алматыда «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан» атты конференция өтті

Алматыда «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан» атты конференция өтті

Жақында Алматыда Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.

Жиында негізгі мәселелермен қатар халықаралық қатынастар, ынтымақ, бірлік, халықаралық қатынастар саласында жұмыс істейтін мамандар туралы да ойлар айтылды.

Пленарлық отырысқа Властимил Самек (Алматы қаласындағы БҰҰ Қоғамдық ақпараттар департаментінің директоры), Бультриков Р. И. (ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы), Соколов С. А. (Алматы қаласындағы РФ Бас консулдығының Консул-кеңесшісі), Бижанов А. Х. (ҚР БжҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры), Мунхбаяр Энэбиш (ҚР Монғолия Елшілігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы), Никитин А. И. (МГИМО университеті, Еуроатлантикалық қауіпсіздік орталығының директоры), Фэн Юйцзюнь (Фудань университетінің халықаралық қатынастар факультетінің деканы, Ресей және Орталық Азия бойынша сарапшысы), Шаймарданова Зара Джуандыковна (Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің ғылыми және инновациялық қызмет бойынша бас маманы) сынды саясат және білім беру саласындағы көрнекті сарапшылар қатысты.

Кездесу модераторы ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор - Саханова Ардақ Наурызбайқызы болды.

Конференция барысында Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын дамыту мәселелері көтерілді. Қатысушылар Қазақстан Республикасы әлемдік аренадағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардағы маңызды рөлін және халықаралық қатынастардың толыққанды актері болып табылатынын атап өтті. Қонақтар іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын, ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Бультриков Руслан Искандерович атап өткендей, халықаралық қатынастар саласында жұмыс істейтін мамандарды көптеп дайындайтын Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетімен әрі қарайғы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Жалпы әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысы шешімдерді шығару, қабылдау, және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.

Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс – әрекеттері жатса, ал халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси , экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста