Бүгінгі қазақты қазақ ететін не?

Бүгінгі қазақты қазақ ететін не?

Халықаралық саясат аренасында Қазақ елінің рөліне ықпал етуші фактор қандай? Бүгінгі жас бойына ұлттық мүддемен қатар сіңіруі тиіс құндылықтар нендей? Бұл сауалдарға бір-ақ жауап бар. Елдік мақсатта ұлтты ұйыстырып, жұртты жұмылдыратын өмірлік мазмұндағы пәлсапалық категория – біртұтастық. Мемлекет тіршілігінің сан-саласында оның өзіндік сипаттары бар. Ал біз осы түсініктің түпкі мәнісін айқын аңғарып, жете түсініп жүрміз бе?
Француз ойшылы Ж.Тириар геосаяси теориясында «әлемде АҚШ-қа қарсы тұра алатын бақталас пайда болғанда, Еуропаның мән-маңызы жойылады» деген тұжырым айтады. Шынында, биыл алғаш рет 110 жылдың ішінде Қытай АҚШ-ты экономиканың жекелей салалары бойынша басып озды. Нақтырақ айтқанда, азық-түлік пен өнеркәсіп өндірісі тауарларының көлемі жағынан. Ақша дәуірі дәуірлеген кәрі құрлық та соңғы жылдары қаржылық дағдарыстың кезек-кезек соққысына ұрынып, күйзелістен көз аша алмай келеді. Бұл – нақты фактілер. Ал америкалық ғалым Ф.Фукуя­ма «Тарихтың соңы және ақырғы адамы» атты өзі­нің танымал еңбегінде «жаһандану үрдісі салда­рынан Жер шарының барлық аймағы ең мықты әрі ірі эконо­микалық орталыққа бірлестіктер сипатында тартыла бастайды» деп жазады. Сипаттап айтсақ, атом ядро­сына электрон бөлшектерінің өздігінен тізбектеліп, жинала қалғаны секілді. Міне, атын естігенде жаныңды жаһаннамға жіберетін секілді әсер алатын әлем елдерінің жаһанданудан қорқатындай жөні бар-ақ екен. Өйткені оның бір ел түгіл, бүтін әлемдік тәртіпті, тіпті әлемдік басқару формасын өзгертуге осындай зор ықпалы бар. Соңғы жылдары әлемде Еуропалық одақты қоспағанда, АСЕАН, БРИКС сияқты ірі бірлес­тік­тер құрылды. Демек, Фукуяма айтқан долбар шын­дық­қа айналып, Жер шарында ірі экономикалық орта­лықтар бой көтере бастады. Осындай әлемдік көштен ілгерілеп қалмас үшін де біздің аймақта 2009 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық одақтың іргетасын қалаушы Кеден одағы құрылған-тұғын. Демек, бұл одақты құрудан біздің айналып өтуіміз мүмкін емес еді. Онда да оған үлкен дайындықпен келдік. Әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық факторларды есепке ала отырып, аса болжампаздық танытқан Елбасымыз 1994 жылы наурыз айында ТМД кеңістігінде жаңа интег­ра­ция­лық бірлестік – Еуразиялық одақты құру туралы ұсынысын алғаш рет жариялаған болатын. Биыл 1 қаң­тарда Кеден одағы кезекті Бірыңғай эконо­микалық кеңістік сатысына аяқ басты. Осы жағынан алғанда, еліміз әлемдік геосаяси біртұтастыққа кірігіп, жұмылып жатыр. Бұл – еліміздің әлемдік геосаяси тәртібіндегі біртұтастық факторы.
Екіншіден, егер адам капиталының сапасын арттыр­маса, онда мұндай бірлестіктен пайда болмай қалуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда білектілердің әмірі жүріп тұрған мына дәуірдің құрбанына айналып кету қаупі де туындайды. Сондықтан бізге бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына қосылудың қатаң талап­тарын қалтқысыз орындау қажет.
Осы жағынан алғанда, Ел­ба­сы­мыз­дың 2007 жылғы «Жаңа әлем­дегі – жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Тілдердің үштұ­ғыр­­­лы­лы­ғы» атты мәдени жобаны кезең-кезең­мен іске асыру туралы ұсынысын өмірлік қа­жет­тіліктен туындаған игілікті іс деп білген дұрыс. Яки бүгінгі қазақ­стан­дыққа мем­ле­кет­тік тілді, орыс тілін және ағыл­шын­шаны бірдей алып жүру міндет. Онсыз дамуымыз тежеле береді. Мұны еліміздің тілдік біртұ­тас­тық факторы дейміз.
Үшіншіден, экономикалық бірлестіктің іргесін тас-түйін бекіту үшін қазірден им­порт­­қа тәуелділікті азайтып, өз өндірісімізді артты­руға басымдық берілді. Ол үшін Үде­мелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданып, негізі­нен, өнімі экспортқа бағытталатын өндіріс ошақтарын түзе бастадық. Сондықтан бүгін­гі таңда «білім беру» ұғымының мағы­на­сы да, қол­да­нылу аясы да бұрынғыдан әлде­қайда кеңіп, әлеуметтіктен эконо­ми­ка­лық сипатқа ұласты. Әлемдік өндірістегі инновациялық және жаңа технологияларды игеру бойынша ғылыми негіздемелер қай­та­дан қарастырыла бастады. Өтпелі кезең­де мәртебесі күрт төмен­деген техникалық-инже­нерлік маман­дық­тың, кәсіби тех­ни­калық училищелердің жағдайын оңалтуға айрықша көңіл бөлінді. Ол үшін арнайы білім моделі жасалды. Еліміздің іргелі жоғары оқу орындары жаны­нан әлемдегі электроника, техника және ақпа­рат­тық технология саласындағы атышу­лы, мықты компаниялардың өкілдік­тері ашыла бастады. Соның нәтижесінде, Тәуел­сіздік алған бастапқы жылдарғыдай заңгер, қаржыгер секілді гуманитарлық маман­дық­тар «сәннен» ақырындап шығып, техно­кратияға жол кеңінен ашылды. Тіпті бүгіндері биліктің өзіне технократ маман­дар көптеп тартылып жатыр. Осы жағынан алғанда, бүгінгі таңда білім беру саласының негізгі потенциалы өнеркәсіп секторында тың жаңалық пен ерен ерлік жасауы тиіс әмбебап та жан-жақты техникалық маман­дарды даяр­лауға жұмылдырылып отыр. Демек, білім беру саласының бір­тұ­тас­тық кате­го­риясы еліміздің даму стра­тегиясы – ҮИИДБ аясында тех­но­кра­тия­ны дамы­туға бағытталған.
Төртіншіден, бүгіндері кез келген да­мы­ған мемлекет экономикалық саясатының басты бағытын жергілікті халықты отандық тауар мен өнімді тұтынуға шақыру ретінде қарастырады. Тіптен қазір Еуропаның бір­қатар мемлекеті нарығын кеңінен жаулай бастаған қытайлық тауарлардың жар­на­масына тыйым салып та жатыр. Яғни жуан мемлекеттердің билігі мен халқы нарықтық қарым-қатынаста жатты жармастырып, бөтенді басындырып қоймау саясатына келгенде даусыз күш біріктіреді. Ендеше, макроэкономикаға ықпал етуші фактор – сауда мен тұтыныста жергілікті тауарларды тұты­нуға басымдық беру үшін біздің мем­лекетіміздің де бірқатар шаралар қабыл­дап, оны түрлі заңнамалық актілерге «қазақ­стандық қамту» нормасын енгізу ар­қылы нығайтуын заңды деп білген дұрыс. Бұл талап жергілікті ғана емес, соны­мен қатар мұнай мен газ секілді табысы мол сектордағы шетелдік ком­па­ния­ларға да міндеттелді. Яки макро­эко­но­микалық саясаттағы біртұтастық категориясы тек өзіміздің ұлттық бренд­тегі өнімді тұтынуды жар­на­ма­лайды.
Қазақта «Тәрбие – тал бесіктен» деген жақсы сөз бар. Сөзіне, өзіне қарап қазақ атам кез келген жастың тегін байқап, баға береді. Бірақ кеңестік дәуірде ұлы баба­мыздың осындай ұлағатты сөздерінің бірінің мағынасы бұрмаланса, бірінің мәнісі жойылды. Керісінше, кеңестік идео­логия қазақты басқаша тәрбиеге алды. Мәселен, КСРО-ның соңғы ышқы­ны­сын­дағы жылдары «Бетпақтық – екінші бақыт» деген орыс шовинизмінің қанатты сөзі қоғамға терең сіңірілді. Сол кезде «Берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан» дейтін орыс шовинистеріне ұқсас тәрбиедегі жастар легі көбейді. Бұл, мүмкін, саясатта өрескел қателік ретінде бағаланған «қайта құрудың» «жемісі» де шығар. Бірақ бүгінгі таңда мемлекеттік басқару формациясы күрт өзгеріске ұшырады. Тәуелсіздік алған жылдары нарықтық жолға «жабайы» түрде көштік. Тыйым салынып келген, халыққа мүлде жат дүниелер елімізге лап қойды. Бір орталықтан басқарылған білім, ғылым секілді әлеуметтік салалар абдырап қалды, қысқаша айтқанда, олар уақытша «үзіліс» алды. Сондықтан Тәуелсіздіктің бастапқы жас буыны тәлім-тәрбиесіндегі олқы­лық­тардың болуы заңды да шығар. Дегенмен бүгін ел болып еңсемізді тіктеп, халық­аралық аренада рөлімізді тәуелсіз ел ретінде нығайтып, даму бойынша алды­мыз­ға үлкен амбициялық мақсаттар қойдық. Сондықтан бүгіндері озық ойлы, терең білімді, көркем мінезді жас мамандар тәрбиелеу өзектілік танытып отыр. Ұлы Абай «Жан тазалығы – ақыл-ойдың кепілі» деген. Демек, еңбек нарығындағы бәсе­ке­лестік кешегі дүбара бетпақтарды көтере алмайды, бүгінгі жас маманның мықты жарнамасының басты көрсеткіші – ақыл-ойының ұшқырлығы мен жанының тазалы­ғы. Бұл – ұлттық тәрбие мен кадр сая­са­тын­да­ғы біртұтастық факторды ай­қын­­даушы категориялар.
Міне, геосаясиден бастап, отбасылық деңгейде жоғарыда аталған осындай біртұ­тастық факторлары бойынша Қазақ елінің ұлт пен ұлысы ұйысқанда ғана халық­аралық аренадағы шоқтығымыз биік, беделіміз қымбат болады. Осылайша өз ортасында мәртебесі өскен қазақ қам­қорлығындағы көп этносқа үлгі болар көш­бастаушы, мем­лекет құраушы атына лайық ұлт болып қана қоймай, ар ілімі мен адам­гершілік құнды­лық­тарына толы ұлттық болмысымен дүйім­ді тәнті етері сөзсіз.

Тақырыпқа көзқарас
Уәлихан ТӨЛЕШОВ, саясаттанушы:
– Унитарлық мемлекет болған соң, жергілікті халықтың ұлттық болмысы жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік трендтермен ұштасып жатуы тиіс. Яғни қазақ­ты қазақ ететін құндылықтар тіршіліктің барлық саласына енгізілуі тиіс.
Жаңа ой мемлекеті аталатын Сингапурдың біздегідей аста-төк қазба байлығы жоқ. Бірақ ол Азиядағы азулы мемлекеттердің бірі ретінде танылады. Міне, осы мем­лекеттің Президентінен: «Дамудың осындай жетістігіне қалай қол жеткіздіңіз?» – деп сұрағанда, ол: «Мен ештеңені өзгерткенім жоқ, тек сингапурлықтарда бар дәс­түрді жаңа либералдық, капиталистік трендтермен бірге жүзеге асуына мұрындық болдым», – деп жауап берген екен.

Біздің халық – еңбексүйгіш, жауапты. Тек біздің мәдениетке жаңа саяси, эконо­ми­калық және әлеуметтік трендтерді кіріктіру қажет. Біз үлкенін сыйлаған, жетім-жесірін жылатып, жаутаңдатып, ешкімге қаратпаған халықпыз. Осының бәрінің өзіндік ұлттық жөн-жоралғысы бар. Яғни бүгінгі тең құқықты кешегі ұлттық этни­ка­лық жүйеге енгізу керек. Бізге сөз, сенім, ар-намыс тазалығы жоғары сапа көр­сет­кіші болып саналған. Сондықтан бізде сөздің өтімі мен салмағы сақталған. Бұл – үлкен артықшылық. Оны саясаттан бастап, барлық бағытта пайдалану керек. Әйтпесе, көп елдерде сөздің қадірі жоқ, көзің қалт кетсе, зұлымдық жасайды, оны дәлелдемесе болғаны, оған арланбайды да, намыстанбайды да. Міне, осындай Батыс­тың құндылықтары соңғы кездері, өкінішке қарай, біздің қоғамға дендеп еніп келеді. Оған тосқауыл болатын бізде мықты ұлттық болмыс бар. Соны қалқан етудің бізге мемлекеттік деңгейдегі тетігін жасау керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста