Тәуелсіз адам бә­секеге қабілетті өнім шығарады

Тәуелсіз адам бә­секеге қабілетті өнім шығарады

 2018 жылдың Жолдауы адами капитал мәселесіне ерекше тоқталған. Адами капитал деген – ең алдымен адамдар. «Тас ғасыры тас таусылғандықтан аяқталған жоқ, мұнайдың дәуірі де мұнайдың таусылуымен бітпейді» деген қанатты сөзге сәйкес, адами капитал – мемлекеттің бүгін және болашақта жүзеге асыруға ниеттенген істерінің негізгі факторы. Адами капитал – білім берудің барлық деңгейін, өндірістегі дайындық капиталы (кәсіби біліктілік, қабілет, өндірістік тәжірибе); ғылыми капитал (ғылым саласы, өнертабыс, инновациялар, зерттеулер); мәдени капитал (тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту); экономикалық маңызды ақпаратқа ие болу капиталы (болашағы бар бағыттар, бағалар мен табыс туралы хабардар болу) және миграция капиталын (қызметкерлердің мобильділігі) қамтиды.

Көріп отырғанымыздай, Пре­зи­дент адами капиталды дамыту мә­селесін жүйелі шешуге ша­қыра­ды. Яғни, адами капитал­дың қа­лып­тасуы және аккумуляциясы үшін оның дамуына қажетті ре­сурс­тарды жұмсау керек (мате­риал­дық, табиғи, рухани). Бір жа­ғынан инвестициялар – адами ка­питал өндірісіне бағытталған ре­сурстық салым, екінші жағынан ин­вестициялар – адами капитал мен оның құрамдас бөліктерін қа­лыптастыруға арналған іс-шаралар ке­шені. Соның ішінде білім, өн­дірістік тәжірибе мен денсаулық сақ­тау, географиялық мобильділік, ақ­парат іздеу сияқты бөліктерге ерек­ше мән беру керек.
Елімізде жоғары білім беру­дің барлық деңгейінде аталған құрам­дас бөліктер құрылған және сәтті жұмыс істеп жатыр. Оған қоса, екі жыл бұрын орта арнайы кә­сіби техникалық білім тегін бо­лып, революциялық өзгеріс орын алды. Жұмысшы және тех­никалық ма­мандықтарды игергісі ке­летін жас­тар үшін әлеуметтік лифт ұғымы қолжетімді бола бас­тады.
Сонымен қатар Жолдау жаңа бағ­дарламалар, оқулықтар, стан­дарт­тар мен кадрлар керек екенін анық көрсетеді. Онда педагог ма­мандарды оқыту мен олардың кә­сіби біліктілігін арттыру ісін қайта қарау мәселесіне назар аударылған. Сондықтан ел ішіндегі универси­тет­тердің жанынан педагогика ка­фед­ралары мен факуль­теттерін да­мыту керек. Осы және өзге де өзек­ті тақырыптарды қозғаған Мем­лекет басшысының адами ка­пи­талдың дамуына серпін беретін бір­қатар бастамаларын атап өтуді жөн көрдім. Барлық өңірде оқу­шы­лар сарайының негізінде ар­найы инфра­құрылымы, ком­пью­терлері, 3D-принтер­лері, зертхана­лары бар, балаларға арналған тех­но­парктер мен бизнес-ин­куба­тор­ларды желісін құру қажет. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу және өн­дірістік-техно­логиялық ортаға ара­ластыруға мүмкіндік береді. Ғаламторда орта мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларының ви­део­са­бақтары мен видеодәрістерін ор­наластыру керек. Шалғай ау­дан­дар мен ауылдарда тұра­тын қазақ­стан­дықтар осылайша, үздік бі­­лімге қол жеткізеді. Атал­ған­дар­дан бөлек, жас ғалым­дарды қол­дауды жалғас­тыру, білім беру сал­а­сын эконо­ми­каның жеке бір са­ла­сы ретінде қа­рау сияқты маңыз­ды мәселелер қам­тылған. Пре­зидент сондай-ақ жо­ғары оқу орын­дарына акаде­миялық еркіндік беру, елімізде әлемдік универси­тет­­тердің кам­пустарын ашу, мұға­лім­дерді қайта даярлаудан өткізуді қолға алуға баса назар аударды.
Адами капитал туралы Жолдау­да алғаш рет айтылған жоқ. Осыған дейін жария­ланған «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасында адами капиталдың са­па­сы ұлт жетістігінің кілті екені атап көрсетілген болатын. Ұлт бо­лашағы оқу аудитория­ларынан бас­талады. Бұл қазақтың «Ел бо­лам десең – бесігіңді түзе» деген тә­лімі мол сөзін еске салады. Ру­хани жаңғыру бағдарламасында ұлт­тық кодты сақтау, дәстүрлі құн­­­дылық­тарымызды дәріптей оты­рып, жаңа заман талаптарына сай бейімделу туралы айтылған еді.
Жаңа бағдар мен еліміздің қо­лы жеткен жетістіктерінен бөлек, ше­шімін таппаған мәселелер де жоқ емес. Біз тәуелсіздікке Кеңес үкі­метінен қалған стандарттармен кір­дік. Олардың бірқатары әлі күн­ге жойылған жоқ. Жапондардың «Каидзен» философиясында келе­сідей ереже бар: «Тәуелсіз адам бә­секеге қабілетті өнім шығарады. Егер адамға сенім артпаса, ол са­палы дүние жасай алмайды». Біз­де қалай? Елімізде мұғалімдер мен оқыту­шылардың жұмысын қа­­дағалауға бағытталған тек­серіс­ көп. Жас ұрпаққа білім беруі ке­рек ұстаздар жоспарлар мен есеп­терден көз ашпайды. Жоғары оқу орындарында да осы қағаз­бас­тылық оқытушыларға қолбайлау болады. Біз білім беру ісіндегі ер­кін адамдарға сенім арту керекпіз. Сонда ғана олар шынымен сапалы, бә­секеге қабілетті дүниелерді жа­сап шығарады. Мемлекеттік қыз­меткерге артылатын сенім де осы ша­малас. «Цифрлы Қазақстан» жо­ба­сын жүзеге асыратын мемле­кет­тік қызметкерлерге жұмыс ор­ны­на смартфондарын алып кіруге бол­майды. Цифрлы техноло­гия­лардың соңғы же­тістігінің бәрі қаз­ір телефон қосым­шаларына не­гізделген. Адами капиталды да­мыту­да ең алдымен осы мәселе­лерге назар аудару керек.

Мұхит-Ардагер СЫДЫҚНАЗАРОВ,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры,
филология ғылымдарының кандидаты

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста