Жапониялық Nobelpharma фармацевтикалық компаниясы 2023 жылдан бастап коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыратын вакцинаны сынақтан өткізуі мүмкін. Бұл туралы РИА Новости басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа препаратты Митинори Кохара бастаған Токио медицина ғылым институтының ғалымдары жасап жатыр. Олар XVIII ғасырда Ұлыбританияда жасалған шешекке қарсы вакцинаны негіз етіп алған. Бұл екпе Жапонияда 1976 жылға қолданылып келген.
Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусының ақуызын шешек вакцинасындағы рекомбинантты вирусқа енгізбекші.
Тышқандарға жүргізілген сынақ кезінде ғалымдар құс тұмауының жоғары потагенді генін қолданған. Нәтижесінде 20 ай бойы вакциналанған тышқандарда антиденелердің жоғары дәрежеде болғанын көрскеткен. Олар вирус жұққан соң да тірі қалғанын. Ал вакцина салмаған тышқандар өліп қалған. Басылым көрсеткендей, тышқандардың орташа өмір жасы 20 айға тең.
"Вакцина антедене бөліп, өмір бойы иммунитетпен қамтамасыз ете алатынын көрсетті. Біз дозасы өз тиімділігін 20 ай сақтады, ешқандай препарат мұндай нәтиже көрсетпеген", - деп мәлімдеді Кохара.
Вакцинаның коронавирусқа қарсы прототипін макакаларға салған. Зерттеу кезінде екпе макакаларды пневмонияның дамуынан қорғаған. Сонымен қатар инфекция жұқтырған соң жеті күннен кейін-ақ білінетін өкпедегі вирус концентрациясы айтарлықтай төмен болған.
Фармацевтикалық компания бірінші және екі дозаның клиникалық сынағын 2023 жылы өткізуді жоспарлап отыр. Сынаққа 150-200 ерікті қатысады.
Профессор Кохара вакцинаны құрғақ түрде ұзақ уақытқа сақтауға болатынын айтты.
Stan.kz