Елбасы: "Назарбаев университеті Гарвард, Корсер, Хан академиясымен теңесуі керек!"

 Еліміздегі ерекше университет, озық үлгілі оқу ордасы Назарбаев университетін биыл бакалавриат, магистратура және PhD бағдарламалары бойынша 811 студент тәмамдады. Оның ішінде, бакалавриат бойынша 506 студент, магистратура бойынша 302, студент және докторантура бойынша 3 студент диплом алды. Назарбаев университетінің түлектеріне Мемлекет басшысы дипломды өз қолымен табыс етіп, осы атаулы күнмен құттықтады.
Инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат екен оқу орны бүгінде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының қатарына енді еніп келеді деуге әбден болады.
Елбасы атап өткендей, зерттеу университеттерінің білім мен экономиканы, инновациялық дамуды қалыптастырудағы рөлі жоғары. Сондықтан да президент келесі бағыттар бойынша университетті дамытуды жалғастыру керектігін айтты.
«Біріншіден, озық интеллектуалдық ғылыми ресурстарды шоғырландыру. Университет тек біздің елдегі емес, алыс-жақын шетелдердегі ақылды да зерек ой иелерінің шоғырланған ортасына айналуы керек. Екіншіден, өндіріс пен кәсіпкерліктің инновациялық мәдениетіне бейімделу. Университет Қазақстан мен шетелдердегі жастардың өз жобаларын бірлесіп іске асыратын шынайы алаңға, үлкен істерді жүзеге асыруға дайын пікірлес азаматтардың тірек нүктесіне айналуы керек. Үшіншіден, қашықтықтан білім алу плафтормасын дамыту. Университет Гарвард, Корсер, Хан академиясына ұқсас онлайн курстары бар білім беру интернет-платформаларын дамытуы керек. Бұл, нәтижесінде, біздің елімізде бүкіл Орталық Азия аумағындағы толыққанды білім беру хабын қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы өзінің түлектермен кездескені үшін қуанышты екенін, олардың ел болашағына қызмет ететін маман болатындарына сенентінін жеткізді.
"Біздің еліміздің болашаққа деген үміті сіздермен байланысты. Сондықтан, мемлекет сіздердің тегін білім алуларыңызға қомақты қаражат жұмсап отыр. Мұндай ешбір мемлекетте жоқ. Біз мұны саналы түрде жасап келеміз және сіздер өз білімдеріңіз арқылы Отанымызға салған салымды қайтарасыздар деп үміттенемін. Сіздер жаңарған Қазақстанның бет-бейнесісіздер. Сіздердің энергетикаларыңыз, ақыл-ойларыңыз бен креативті пайымдарыңыз біздің Отанымыздың сәтті дамуының және тәуелсіздігінің кепілі болып табылады. Сондықтан, сіздерді таңғажайып өмір жолы күтіп тұр. Бірде жеңесіздер, бірде жеңілесіздер, бірде адамдарға сеніммен қарасаңыздар, бірде көңілдеріңіз қалады. Бұл – өмір. Көп жағдайды басынан өткізген адам ретінде өздеріңізге, өз идеяларыңыз бен туған жерлеріңізге деген сенім сіздер әрқашан күш-қуат беретінін сеніммен айта аламын. Мен сіздердің әрқайсыңызды мақтан тұтамын. Оқу процесі оңай емес. Сіздерге ашық жол мен идеяларыңыздың іске асуын тілеймін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айша Нұржанқызы 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста