Миллиардты ұрлаған министрлік: Аймағамбетов тарихшы мұғалімнің жанайқайына жауап берді
Министрлік ұстаздарды тыңдауға әзір
Соңғы күндері тарих пәнінің мұғалімі А.К.Ахетованың видео сұхбаты әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатқаны белгілі.
Соған байланысты елдің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов былай деп жауап берді:
- Аталған ролик барысында көтерілген мәселелер қоғам тарапынан қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін, - дейді министр.
- Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну - маңызды, ал біздің міндетіміз - осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу. Осыған орай, Мемлекет басшысы барлық ұсыныстарды жұмыс барысында пайдалану үшін оларды мұқият зерделеуге тапсырма берді. Осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз, - деп толықтырды Аймағамбетов.
Ал сөз соңында министр осы мәселелердің барлығын сенбі күні әріптестерімен бірге талқылауға әзір екендігін жеткізді.