Алматыда 12 жастағы вундеркинд алғашқы семестрін үздік тапсырды

Қазақстандағы ең жас студент Абзал Мырзаш алғашқы семестрін үздік тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 жастағы вундеркинд қазір Қазақ-Британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курсында оқып жатыр.

Бұл туралы Абзалдың әкесі Дәуренбек Нысанов Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«СҮЙІНШІ! Қазақ-Британ техникалық университетінің ең жас студенті,12 жастағы вундеркинд Абзал Мырзаш,алғашқы семестрін үздік бітіріп және алғашқы сессиясын үздік тапсырып, қысқы демалысқа шықты», - деді әкесі Дәуренбек Нысанов. 1-курста Абзал ақпараттық-комуникациялық технологиялар, компьютерлік сәулет, физика, инженерлерге арналған линиялық алгебра пәндерін оқыды. Зерек оқушыны университет басшылығы емтихансыз қабылдаған болатын. 

Анасы Жазира Доскееваның айтуынша, «вундеркинд» бала 3 жасына жетпей-ақ, әріптерді қосып оқи бастаған. Ал 4 жасында екі таңбалы сандарды көбейтуді меңгерген. Ерекше қабілетінің арқасында ол 3, 5, 7, 9, 11 сыныптарды ғана оқып небәрі 7 жылда 12 жасында мектеп түлегі атанды. Сондай-ық, Абзал Мырзашұлы халықаралық, республикалық олимпиадаларда жеңімпазы. 

Автор: Гүлмира Ғосманәли

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста