Тарту етілген оқу грантынан 11-сынып оқушысы бас тартты

Алматы облысында 8 жасар қызды педофилден құтқарған оқушы білім грантынан бас тартты.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Жергілікті билік Тимурбек Жамаладдиновке жасаған батылдық әрекеті үшін Алматыдағы жоғары оқу орындарының біріне тегін білім грантын сыйға тартқан болатын.

Алайда, 11-сынып оқушысы емтихандарды басқа түлектер секілді өз күшімен тапсырғысы келетінін айтты.

«Мал дәрігері болғым келеді. Бұл — менің арманым.

Әкім грантымен болмаса да, Аграрлық университетке өз күшіммен түсетін боламын. Барлық емтихандардан сүрінбей өтетініме сенімдімін.  Алла қаласа, бәрі жақсы болады», — дейді Тимурбек.

Диплом алған соң ол туған ауылына келіп, қартайған ата-әжесіне көмектескісі келеді. Оған дипломмен қатар, планшет пен мобильді телефон сыйға тартылды. 

Еске сала кетейік, 14 сәуір күні Алматы облысы Еңбекші қазақ ауылында 8 жасар қызды зорламақ болған 32 жастағы адамнан сол ауылдағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Тимур Жамалладинов құтқарып қалған болатын. Ал, 21-сәуірде оған Алматы облысы әкімінің білім гранты берілетіндігі жарияланды. Бұл шешімді облыс әкімдігі қабылдаған болатын.

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста