Шымкентте әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы салынды

Шымкентте әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы салынды

Жуырда Оңтүстікте облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы салынып бітті. Жаңа нысан қазірге жұмысын бастаған жоқ. Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғимараты көрме залы, кеңес залынан тұрады. Кеңес залы 110 адамға шақталған. Мұнда салт-жоралғылар таныстырылып, дәріптелетін болады.
Жасұлан ЖҰРЫНБАЕВ, учаске басшысының көмекшісі:
– Ғимарат толықтай заманауи технологиямен жабдықталған, өрт-сөндіру технологиясы және бейнебақылау қондырғылары да орнатылды. Жарықтандыру толықтай жүргізілген, жылу жүйесі мен су барлығы тартылып қойды.
Екінші көрме залы. Залда әлі де безендіру жұмыстары жүргізілуде. Кеңес залынан бөлек мұнда салт-дәстүрге арналған екі көрме залы бар. Өзге бөлмелер зерттеу сыныптарына берілмек. Және мекеме қазақтың салт-жоралғысынан бөлек облысымыздағы 20 мәдени-ұлттық орталықтың ғұрпынан сыр шертер жәдігерлермен де жасақталады. Мәдениет басқармасының ақпаратына сүйенсек, дәстүрді көпке дәріптеу үшін мұнда 15 маман қызмет етеді.
Күлия АЙДАРБЕКОВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы:
–Мекемедегі мамандар тал бесіктен жел бесікке дейінгі біздің әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді зерттейді, зерделейді, оны насихаттайды, жинақтайды. Соған байланысты кітаптарымыз бар, деректеріміз бар, деректі фильмдер бар, қолдағы дүниелердің барлығы қазір жинақталып отыр.
Алдағы уақытта орталықта ғылыми зерттеу институты жұмыс жасайтын болады. Қазіргі кезде екі қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталған. Тек ғимарат алдындағы абаттандыру шаруалары атқарылып жатыр. Сондықтан ұжымға нысанның кілті табысталатын күн алыс емес. Айта кетейік, бұл – ел аумағында ашылған дәстүрді дәріптейтін алғашқы орталық болып отыр. Шымкентте жаңа бой көтерген облыстық салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының басшысы болып ақын Ақмарал Леубаева тағайындалды. Ақмарал Леубаева Бүгінге дейін облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары қазметін атқарған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста