Тарих – ғасырлар куәсі

14 қыркүйекте Алматы қаласының Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы инновациялық амалдар» тақырыбы бойынша ұйымдастырған қысқа мерзімді курс басталды. Курстың бірінші күні «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету» кафедрасының жетекшісі Ж.Ө.Ахметов қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбында семинар өткізді. №131 мектеп-лицей оқушыларының Қазақстан Республикасының әнұранын орындауымен ашылған семинар барысында Ж.Ө.Ахметов қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиғаларға тоқталды.
Іс-шараға қатысқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Э.Ө. Бексейтова, Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы П.Ө. Асылбек бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың үлгісіндей болған тарихымызды дәріптеп, көнеден келген асыл мұраны қастерлеу, рухани байлығымызды бағалау мақсатында ұйымдастырылған семинардың маңызы мен мазмұны зор екендігін атап өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста