Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!

Бүгінгі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Елбасымыздың салиқалы саясатыныңың арқасында еліміздің экономикасы дүние жүзілік дәрежеге жеткенін жоққа шығаруға болмайды. Мақаланың мектептегі тәрбие жүйесіне қосар үлесі көп. Атап айтсақ қазақ тілін біртіндеп латынға ауыстыру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті жерлері», Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» атты Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты ұсынған жобаларының маңызы өте зор. Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы. Соңғы кезде ғылым мен техниканың дамуына байланысты елімізде көптеген жаңғыртулар айтылып жатыр. Бұған біржақты қарауға болмайды. Елбасының жолдауы бұл рухани мәдениет, ұлттық құндылық пен сананың жаңғыруы.

Осы аталған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының қосып жатқан үлесі көп. Атап айтқанда 1 қыркүйекте «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары әрбір сыныптарда өткізілді .Тілдер мерекесінде ағылшын тілі пән мұғалімдері, қарттар күнінде, ұстаздар күні, сонымен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түзілген жоспарға сәйкес өткізілген «Үздік мұғалім» байқауы, «Жас маман-2017» байқауы, қазақ тілі пәні мұғалімі Е.Тұрғанбаев өткен «Әлем таныған Әуезов» тақырыбындағы интелектуалдық сабақ, өзін-өзі тану пән мұғалімдері Г.Тураева, П.Кауменова «Мәдени және ұлтаралық келісім» тақырыбында

дөңгелек үстел мен «Тәуелсіздік дәуірі-ұлттық құндылықтар дәуірі» тақырыптарында пікірталас, «Елдің мықты тірегі - дені сау ұрпақ» тақырыбында дене тәрбиесі пән мұғалімдері түрлі спорттық іс-шаралар өткізді. Елбасымыздың бұл мақаласының аясында мектептің педагог- психологтарының «Рухани жаңғыру –жарқын болашақ бейнесі» тақырыбында өткізген апталығының үлесі көп болды.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында мектебімізде ел бірлігін сақтау, достық қарым-қатынаста болу, татулықты нығайту бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» - деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан, осы түсініктерді ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-дейді Әл-Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы, ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.


 Төребаева Гүлшат Сансызбаевна

ОҚО Мақтарал ауданы С.Сейфуллин атындағы

ЖОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста