ҚазҰУ дуальды оқыту жүйесін іске асыруда

  • 27
ҚазҰУ дуальды оқыту жүйесін іске асыруда

Бүгінгі таңда кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда дуальды оқыту жүйесінің алатын орны ерекше. Дуальды білім беру жүйесінің ерекшелігі - теорияны өндіріспен ұштастыра отырып оқыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 19-1 тармақшасында дуальды оқыту қағидалары ресми бекітілген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету», «Сандық архивтану және құжаттану»  білім беру бағдарламалары бойынша ҚР Президенті Архивімен дуальды білім беру жүйесі 2017 жылдан бастап іске қосылуда. Екі мекеме арасындағы дуальды білім беру саласындағы  ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалынған. Биылғы жылы келісім-шарт толықтырылып, қайтадан жаңартылды.

Білім беру бағдарламаларының оқу жоспары практикаға-бағдарланған, яғни, тәжірибелік-лабораториялық сабақтарға басымдылық беріледі. Мамандық студенттері дәріс және практикалық сабақтарын осы архив базасында өтеді. Білім алушылар өндірісте оқу барысында архивті құжаттармен толықтыру, құжаттарды сақтау, оларды жариялау, сандық технологияларға өткізу, құжаттарды архив қорларынан анықтау, істер номенклатурасын жасау, істер тізімдемесін құрастыру, ғылыми-анықтамалық аппаратпен жұмыс жасау, құжаттарды есепке алу, істерді сипаттау, құжаттарды қалпына келтіру және т.б.  жұмыстар түрлерін өз көзімен көріп,  үйренеді, бір сөзбен айтқанда архивтегі жұмыс үрдісіне араласуға мүмкіндік алады. Осылайша кәсіби ортаға бейімделеді.

 2019 жылы университеттің ҚР Президент архивінің базасында «Архив ісі және құжаттану» оқу-өнідірістік кафедрасының филиалы ашылды. Өндірістің базасында осындай кафедраның ашылуы болашақта студенттер,  магистранттар мен докторанттардың теориялық білімдерін  іс жүзінде практикамен ұштастыруымен қатар  үлкен оқу – әдістемелік орталығына айналатыны сөзсіз. Архив қызметкерлері кафедра филиалының жұмыс жоспарына сай практикалық және дәріс сабақтарын жүргізеді, өндірістік, зерттеу практикаларына жетекшілік жасайды, емтихан комиссиясының жұмысына, оқу жоспарларына сараптама жасауға, оқу құралдары мен оқулықтарын рецензиялауға, студенттердің диплом жұмыстарын, магистерлік және докторлық диссертацияларды талқылауға, оларға жетекшілік жасауға атсалысады.

Ғылым мен өндірісті ұштастыру дуальды білім беру жүйесінің тағы бір ерекшелігі. 2018-2020 жылдар аралығында ҚР Президенті Архивінің қызметкерлерімен бірлесе отырып АР 05135746 «Ақпараттандыру жағдайында архив құжаттарын сақтау әдістерін жетілдіру: Қазақстанның мемлекеттік архивтеріне халықаралық тәжірибелерді енгізу» атты ғылыми жоба іске асырылды (жетекшісі: т.ғ.к., доцент Алпысбаева Н.К., тең жетекшісі: т.ғ.д., проф. Алимгазинов К.Ш.). Жоба нәтижелері оқу үдерісіне енгізілді, «Электрондық құжаттардың құндылығын сараптау», «Тарихи құжатты бағалау», «Құжаттарды сақтау және пайдаланудын «бұлтты қызметтері» атты элективтік курстар әзірленді (автор проф. Алимгазинов К.Ш.). Жобаға  мамандық студенттері мен магистранттары  тартылып, жоба аясында  «Ашық азаматтық қоғам тұжырымдамасы аясында ҚР Президент архивінің ғылыми-ақпараттық қызметі» (Бурашов Ш.), «ҚР ҰАҚ құжаттарының құндылығын сараптаудың теориялық аспектілері» (Шотаев М.), «ҚР ПА БКП (б) Қазақ өлкелік партия комитеті 141 қоры: тарихи-архивтанулық талдау» (Туленов А.), «Кәсіпорындағы электронды архив» (Ходжабай М) диплом жұмыстары мен магистерлік диссертациялар сәтті қорғалды. Жұмысберушілермен бірлесе отырып оқу құралдары, монография, әдістемелік құралдар дайындалып,  жарық көрді.

Әлеуметтік серіктестік шеңберінде ҚР Президент Архивінің бастамасымен студенттердің ғылымға деген ынтасын, қызығушылықтарын,  шығармашылық белсенділігін арттыру және келешекте мамандық бойынша жұмыс жасауға ықпал ету мақсатында 2015 жылдан бастап «Архивтану және іс жүргізу» қалалық олимпиада, қазіргі уақытта республикалық деңгейде пәндік  олимпиада өткізілуде.

 2017 жылдан бастап  ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын насихаттау, архив мамандығының мәртебесін көтеру, шетелдік тәжірибелерді архив ісі және құжаттану салаларында қолдану  мақсатында жыл сайын Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі ҚР Президенті Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырылумен өткізіледі. Жазғы мектеп жұмысына отандық спикерлер мен қатар шетелдік спикерлер, практик  мамандар да қатысады.  Жазғы мектепті табысты аяқтаған қатысушылар өз саласындағы білімі мен тәжірибесін  алмасып қана қоймай, кәсіби  қабілеттерін де дамытуға мүмкіндік алады, соңында халықаралық сертификат беріледі. Мұның өзі жастардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыра түседі.

Дуальды білім беру жүйесін іске асыру барысында жұмыс берушілермен   кәсіби білікті кадрлық әуелетті қалыптастыру маман даярлауда маңызды мәселелердің  бірі болмақ. Дуальды жүйемен оқытудың артықшылығы: біріншіден, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда ҚР Президенті Архивіндегі қызметкерлердің көпшілігі осы мамандық түлектері. Екіншіден, білім алушылардың кәсіби ортаға тез бейімделуіне әсер етеді, яғни, олар жұмыс берушілердің қойған талаптарын игеріп, кәсіби еңбек дағдыларды меңгерген тәжірибесі бар маман бола алады. Үшіншіден, өз мамандығына деген қызығушылықтарын одан әрі  арттыру, яғни білім беру сапасын көтеру. Сондай-ақ, білім алушылар өндірістегі соңғы жаңалықтардан хабардар болып, архив ісі және құжаттану саласындағы заманауи талаптарды меңгереді.

 Сонымен, жұмыс берушімен серіктестік ретінде нарық заманында бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандарды бірлесе отырып  даярлау білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

Алпысбаева Н.К. – т.ғ.к., ҚазҰУ доценті, 

Нұрбатырова Р.Е. - ҚазҰУ оқытушысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 223
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 267
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста