Полицейлер педофилді неге қорғаштап отыр?

Полицейлер педофилді неге қорғаштап отыр?

Осыдан біраз бұрын "Алаш айнасы" интернет-порталы «Астанада мектеп оқушылары өрімдей қызды педофилден құтқарып қалды» деген мақала жазып, онда №52 мектеп-гимназияның сегізінші сынып оқушылары Шамғон Зейінов пен Әлішер Саятовтың төменгі сыныпта оқитын қызды қара ниетті педофилден арашалағаны туралы ерліктерін айтып едік. Осы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқырманның біразы өрімдей екі оқушының ерлігіне тәнті болса, енді бірі әлгі педофилдің ендігі тағдыры не болғаны туралы мәселе көтерген. Шындығында, әлгі мақалада екі батыр – Әлішер мен Шамғонды мектеп әкімшілігі марапаттап, полицейлер қолдарын қысуға да жарамағанын айтқан едік. Сүйтсек, құқық қорғау қызметкерлері біздің батырларымыздың қолын қыспағаны былай тұрсын, «қылмыстың құрамы табылмады» дегенді желеу етіп педофилдік әрекеті үшін сол сәтте ұсталған күдіктіні босатып жіберіпті. Бұл қалай? 

Айта кетейік, оқиға өткен жылдың қараша айының соңында орын алғанын біз де кездейсоқ естіп барып жазған болатынбыз. Құтқарып қалған екі батырға алғысымызды айттық, арқасынан қақтық. Артынша бұл оқиға оқырмандар өз ойларын қосып, ризашылықтарын айтып, тіпті мәселе үлкен әңгімеге ұласты. Біздің "Алаш айнасы" жазған мақаладан соң тура сол оқушылардың ерлігі бірқатар баспасөзде көтерілуге де арқау болды. Біз де осындай қоғамның зор назар аударуы нәтижесінде Астанадағы ішкі істер басқармасынан бастап, ең құрығанда балалардың батырлық әрекетіне деген елеусіздігі үшін ыңғайсызданатын шығар дедік. Мектеп әкімшілігімен, екі батыр-оқушымен де хабарласып тұрдық. Келе-келе полиция тарапынан еш реакция болмағанын, тіпті «әлгі істі жауып тастаған» деген сыбысты да естідік. Бұл қалай дестік? Сосын оқиғаға қайта оралуға тура келді.
Оқиғаға қайта айналып соқсақ, Шамғон мен Әлішердің айтуынша күдікті жасы әжептәуір үлкен жігіт әрі орысша сөйлейтін басқа ұлттың азаматы болған. Масаң күйде ол өрімдей қызды жұлқылап, өзімен бірге алып кетпек болған жерінде, жас балалар араша болып, құтқарып қалды. Екі оқушы әлгінің «біресе әкесімін, біресе телеохранителімін» деп айтқанын да алға тартады, кәмпит беремін деп айтқан сөзін де нақ естіген. Артынша, әлгі қызды арашалап, қашуға мүмкіндік берген екі жігіт пен ересек адамның төбелесін сол жерден өтіп бара жатқан 1976 жылы туған азамат (мектепке бара жатқан ата-ананың бірі делінеді-авт.) байқап, арашалап, соның арқасында балалардың ісі мектепке де жетеді, полицияға да сол тұста хабар жасалады. Сосын әлгі арыз бойынша ішкі істер қызметкерлері ілезде келіп, күдіктіні де тез арада қолға түсірген. Алайда, істің арғы жағы мектеп үшін де, балалар үшін де белгісіз күйінде қалған еді. Мектеп әкімшілігі екеуін марапаттап, басқаға үлгі етті. Ал әлгі қыз ше? Оның ата-анасы ше? Құқық қорғау органының қызметкерлері ұстаған күдікті не болды?
Осының мән-жайын тағы білмек болып, қыздың анасымен хабарласқанымызда төбемізден жай түскендей болды. Бастапқыда бақандай төрт ай бұрын өткен оқиғаға қатысты сұхбат беруге құлықсыздық танытқан қыздың анасы кейіннен, «істі ішкі істер қызметкерлері де жылы жауып қойған-ау шамасы» деген біздің болжамымызға келісіп, бәрін бастан-аяқ айтып берді.

Қыздың анасы (өз өтінішімен аты-жөнін жазбауымыз сұрады):
– Оқиға болған күні сынып жетекшісі құтқарып қалған балаларды қосақтап тұрып ертіп үйге келді. Басында кәдімгідей шошып кеттім, қызыма ештеңе болмағанын біліп біраз сабыр сақтадым. Алайда, мән-жайға қаныққан соң, ертең басқа балаларға да осындай жасайтын болса, қалай болғаны деп ойладым. Күдікті ұсталды екен, жазасын алуы керек. Ұсталмаса онда табу керек қой. Сосын Алматы аудандық ІІД-не бардым. Оқиғаны көрген, сол жерде балаларды арашалап алған 1976 жылғы азамат куәлік етуге бірге барды. Асығыстау болғандықтан ол жедел түрде түсінігін жазып беріп, жұмысына кетіп қалды. Ал ІІД-лер болса, мені әрбір кабинетке бір сілтеп ығырымды шығарды, түс ауғанша біресе орысша, біресе қазақша түсініктеме беріп есімді шығарды. Сосын полицейлер маған хабарласатынын айтып, ақырын ғана шығарып салды. Алайда төрт ай уақыт өткенше олардан бір де бір хабар-ошар болмады. Тек бүгін ғана сіздердің қоңырауларыңыздың арасында хабарласып, ІІД-не келу керектігімді айтты. Не үшін десем әлгіндей арыз бойынша дейді. Сонда күдікті қолдарында ұсталып, мәселенің бәрі анық тұрғанда істі қозғамай, енді ғана әрекет етіп отырғанын түсінбедім. Ол кезде күдікті қамауда еді. Куәгер де бар-тын. Қазір бұл жағдайды қызым еске алғысы келмейді. Ол туралы мүлдем сөйлескісі жоқ. Сол күні полицейлердің «болған жағдайдан қылмыстың құрамын көріп тұрған жоқпыз» деп жылы жауып қоя салғанына таңым бар.
Міне, біздің де осыған таңымыз бар. Айтпақшы, "Алаш айнасы" көтерген мәселеге басқа да ақпарат құралдары қоса үн қосқанын айтқан болатынбыз. Осындай ақпараттың бірінде Астана қалалық ішкі істер департаменті әлгі іске қатысты күдіктіні оқиғадан кейін көп ұзамай босатылғанына шағын түсініктеме берген екен. Онда «Қылмыстық іске қатысты 21 жастағы күдікті сол күні қолға түсіп, ол бойынша мына жайттарды баяндалады: Автобус аялдамасындағы оқиғаға дейін ол жолдасымен бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Ал көшеде келе жатқанда жаяу жүргіншілер жолында оның алдынан қыз бала кесе-көлденеңдеген соң, ол қызды қолынан ұстап, айналып өтпек болған. Осы уақытта оған екі оқушы жүгіріп келіп, айқайлай бастаған. Қолынан ұстап алып, мектепке әкелген, сосын полиция қызметкерлерінің қолына табыстаған» делініпті.
Түсініксіз. Түк те түсініксіз! Сонда қыздың анасы жазған арыз қайда қалды? Жоқ, қыз да, оның анасы да көшедегі ішімдік ішкен әлдебіреуге жала жауып отыр ма? Ал сонда әлгі біз батыр деп мақтап жүрген Әлішер мен Шамғон таңғы сағат 7-де көшедегі біреудің жағасына жармасқан болып шықты ма? Бұл қалай? Айналайын, полицейлер-ау педофил туралы жаға ұстатар әңгімелер күн сайын шығып, жұрт дүрлігіп жатқанда мынадай оқиғаға жеңіл ғана қарап, қылмыс құрамы жоқ деп жаба салу не сұмдық. Бұл не деген басынғандық? Біз де, басқа ақпарат құралдары хабарласқанда ғана сол іске қайта қарай бастаған тәрізді ішкі істер қызметкерлері. Сонда «Алаш айнасы» мәселе көтеріп, бұл жайында жазбаса жабулы қазан күйінде бәрі қала бермек пе? Күдіктіге қатысты істің ақ-қарасы неге анықталмаған? Неге тиісті жаза тағайындалмаған? Босатып жіберілгені, қылмыс құрамы табылмағаны қалай? Сонда қылмыс болуы үшін педофилдің әрекетін бағу қалғаны ма?
Айтпақшы, журналистік зерттеу жүргізіп, мақаланы бастаған тұста қыздың өзімен сөйлесуге мүмкіндік болмады. «Төрт ай бұрын өткен оқиғаны есіне салмасаңыздар, әрең өзіне өзі келді» деген анасының сөзін де аттап өтпедік. Сосын біз қоңырау шалғаннан соң, қыздың анасына полиция майоры хабарласып, келіп кетуін сұрапты. Бұл не деген әбестік? Алайда, Астана қалалық Ішкі істер департаментіне хабарласқан біз нақты жауап ала алмадық. Сол баяғы ресми сұрау жасаңыздар, анаған-мынаған хабарлассаңыздар деген шығарып салма жауаптардан арыға аспады, олар. Әйтсе де, бұл істі осылай аяқсыз қалдырмауға тиіспіз. Бұған баспасөздің ғана емес, бүкіл қоғамның бақылауы, мүдделілігі керек. Сондықтан да, осы мақала арқылы алдағы уақытта ішкі істер департаментінен, тиісті лауазым иелерінен не болмаса баспасөз қызметінен тұщымды жауап күтеміз.

Маржангүл, сынып жетекшісі:
– Бастапқыда қыздың анасы» қызыма тиіспеген екен, бопты ештеңе етпейді» деп қарағандай болды. Бірақ бәріміз де қорқып жүрміз деген ойымызды айтып, ол кісіні Алматы аудандық ІІД-не ертіп апардық. Анасы жәбір көруші ретінде арыз жазды. Одан кейін ата-атасымен сөйлескенімде оларға ІІД-нен ешкім хабарласпағанын білдім. Күдіктінің жайы не болғанынан хабарымыз жоқ.

Жәкеш БИКЕНОВА, оқу ісінің меңгерушісі:
– ІІД-не біздің мұғалімдеріміз ата-анасымен бірге еріп барды. Арыздың жазылғанынан хабардармыз. Күдіктіні сол күні қолға түсірген соң ІІД алып кеткен еді. Ал сол күні біздің мектеп инспекторы ауырып қалуына байланысты жұмыста болмады. Сондықтан, арғы жағы бізге мүлдем белгісіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста