Оралда жаттықтырушы оқушыларын сабаған

  • 47
Оралда жаттықтырушы оқушыларын сабаған

Шәкірттерін көкала қойдай сабаған бапкер жұмыстан шығарылуы мүмкін. Оқиға Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы спорт мектебінде болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Ата-аналардың айтуынша, самбо күресінің жаттықтырушысы Қайсар Құсайынов шәкірттеріне қол жұмсапты. Бапкердің балаларды басы мен бетінен аяусыз ұрып жатқан сәті спортзалдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Оны көрген ата-аналар бірден полицияға арыз жазған. Айтуларынша, жаттықтырушының жас спортшыларға бұлай қол жұмсауына балалардың басқа бапкерге ауысуы себеп болған.

 

Сәуле УӘЛИАХМЕТОВА, ОҚУШЫНЫҢ АНАСЫ:

 

- Ата-анасы ұрмайды, неге ұрады ол? Біреудің баласын ұруға қақысы жоқ оның. Сөзбен айтуға болады ғой ұрмай-ақ, сөзбен! Арыз жаздық, сосын адам баласы ғой, қателескен шығар, жарар деп бір сапарға кешірім бердік.

 

Істің насырға шапқанын түсінген бапкер Қайсар Құсайынов кейін балалардың әке-шешесінен кешірім сұрапты. Дегенмен осы оқиға бойынша оған әкімшілік хаттама толтырылған. Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру басқармасының өкілі бапкердің бассыздығын тексеріп, оған қатаң шара қолдануға уәде беріп отыр.

 

Дариға МӘЖИТОВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 

- Ата-аналардың арызы бойынша жаттықтырушының үстінен әкімшілік іс қозғалды. БҚО туризм және спорт басқармасына жаттықтырушының тәртібін тексеріп, тиісті шара қолдану туралы ұсынба жолданды.

 

Жеңіс НЫҒМЕТУЛЛИН, БҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Басқарма тарапынан тексеру жүргізілетін болады. Орын алған факті бойынша міндетті түрде шара қабылданады. Мүмкін жұмыстан шығару туралы ұсыныс берілетін шығар.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 182
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 233
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста