Мектептер қаржылық есеп бере бастады

«Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы Бағдарламасын жүзеге асыру бастамасы аясында 15 қазаннан бастап Алматы қаласындағы білім және денсаулық сақтау мекемелері қаржылық есептерін жариялай бастауы тиіс еді. Бұл қала әкімі Бауыржан Байбектің бастамасы болатын. Қала мектептерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Алатау ауданында орналасқан И.Қ. Мандоки атындағы №154 мектеп қаржылық есебін берді. Мектеп директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы қала әкімінің бастамасын қолдап 7-9 қазан күндері аралығында 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығына жұмсалған қаржылық есебін мектеп ұжымының және ата-аналарының алдына жайып салды.
Мәселен 7-қазан күні бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына, 8-қазан күні 5-8 сынып ата-аналарына және 9-қазан күні 9-11 сынып ата-аналары алдында есеп берілді. Жиын мазмұны тоғыз ай мерзімінде мектепке жұмсалған 202 млн. 367 мың теңгенің, оның ішінде Республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражат есебі талқыланды. Мұнда еңбекақы бойынша шығыс есебі және қаржылық ерекшеліктерге жіті тоқталып өтілді. Айта кетер болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29-желтоқсандағы №690 қаулысы бойынша әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, дәрі-дәрмек, ауыз су, мемлекеттік сатып алу, шаруашылық тауарлары, жылу жүйесі, тауары, кеңсе тауары, электр жарығы, суық су, 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту сонымен қатар әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жұмсалған қаражат халық алдында жеке-жеке нақтылап көрсетілді. Алғашқы күні 275 ата-ана, екінші күні 217 ата-ана, ал үшінші күні 102 ата-ана жиынға қатысты.
Ата-аналар тарапынан мектеп директорына, білім ордасына көңілдері толатындықтарын жеткізіп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Шара соңында ата-аналар «маңызды әрі сапалы жиын» деп өзара бағалап жатты. Мектепке жұмсалған тоғыз айлық қаржы есебі жөнінде сұрақ қоюларын өтінген мектеп директорына, «Берілген есеп көз алдымызда тұр, ағымдық жөндеу жұмысының нәтижесін көріп отырмыз, сұрағымыз жоқ»,- деп, ата-аналар өздерін қызықтыратын, өзге ұсыныстар айтып тарқасты. Сондай-ақ ата-аналар мектеп өмірінен естеліктер айтып, жүргізіліп отырған үйірмелерге қызығушылықтарын білдірді.
Қала әкімінің халық алдында есеп беру бастамасы осылай жалғасын тауып, шараның ізгілікті үлгісін №154 мектептен көргендей болды. Үкімет қаражатының әр тиынына дейін қайда жұмсалғандығы айна қатесіз халық алдында жария етілді.
№154 жалпы білім беретін мектепте басталған қаржылық есеп беру шарасы өзге білім ордаларында да жалғасын табады деп сенеміз.  

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста