Мектептегі соңғы қоңырау 1 маусымға ауыстырылды
Елімізде оқушылардың соңғы қоңырау күні 1 маусымға ауыстырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімоваға сілтеме жасап.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше мектептердегі соңғы қоңырау бір күнге шегерілді. Яғни, 2023 жылдан бастап еліміздің мектептерде соңғы қоңырау 31 мамырда емес, 1 маусымда соғылады.
Гүлмира Кәрімова, Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы:
– Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні 1 қыркүйек болып саналады, ал енді биылдан бастап оқу жылының соңғы күні ол 31 мамыр күні болады. 31 мамыр – оқу күні. Бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі. 1 маусым жазғы каникулдардың алғашқы күні болып саналады. Сонымен бірге бұл күні Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі".