Мектепке кірудің биометриялық жүйесі енгізілді

Мектепке кірудің биометриялық жүйесі енгізілді

Ақтөбедегі мектепте Қазақстанда алғаш рет оқу орнына кірудің және төлем жасаудың биометриялық жүйесі енгізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ақтөбеде Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 IT мектеп-лицейінде пилоттық режимде балалар мен педагогтерге арналған мектепке биометрия арқылы кіру енгізілді. Alaqan Мektep жүйесі идентификатор ретінде алақан тамырларының биометриясына негізделген, ол саусақ ізімен салыстырғанда күрделірек және өзіндік ерекшеліктері бар.

 

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жүйенің жұмыс істеу барысымен және оның артықшылықтарымен танысты. Мектеп-лицей өкілдерінің айтуынша, Alaqan Mektep – білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және оқу процесін цифрландыруға мүмкіндік беретін бірыңғай экожүйе. Алақанды сенсорға қою арқылы оқушылар кітапханадан кітаптар алып-тапсырып, асханада төлем жасай алады. Ал ата-аналар баланың мектептен келу және кету уақыты туралы біле отыра, мобильді қосымша арқылы асханада балаларының мәзірі мен шығындарын бақылай алады.

 

 

Сондай-ақ Alaqan Mektep көмегімен кітапхана жұмысын автоматтандыру арқылы оның қызметін жаңа деңгейге шығаруға, мектептер арасындағы кітаптар қозғалысының процестерін цифрландыра отырып, өңірдегі барлық мектептердің бірыңғай кітап қорын құруға мүмкіндік береді.

 

Білім беру нысандарында басым міндеттердің қатарында қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыру. Жобаның тиімді жүзеге асуы нәтижесінде оның ауқымын кеңейту мәселесі қарастырылады», – деді облыс әкімі.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста