Ғылыми-танымдық шаралардың маңыздылығы

Ғылыми-танымдық шаралардың маңыздылығы

Жүректері білім мен өнерге құштар, тілектері тоғысқан жастар қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бір үйдің баласындай білім алуда. Қазіргі кезде студенттерге білім бере отырып, оқу белсенділігін арттыру арқылы талабын қанағаттандыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын меңгерту арқылы рухани байлығы мен қабілетін дамыту және қазақтың тарихи мұра жәдігерлерімен таныстыру арқылы жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыру кафедра оқытушыларының алдында кезек күттірмейтін іске айналып отыр.

 

 

Бүгінгі күні кафедрада онлайн форматында Қазақстанның тарихи, киелі орындарымен таныстыру мақсатымен ғылыми-танымдық іс-шаралары жүзеге асырылып отырады.

 

 

Кафедраның ғылыми-танымдық шараларды ұйымдастырудағы мақсаты студенттерге заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды кеңінен таныстыру болып табылады.

 

 

Студенттерге бейнематериалдар көрсете отырып, оқытушылар мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орындарға соның ішінде: Арыстан баб кесенесіне, Шәуілдір кентіндегі Отырар мұражайына, «Отырар опаты» болған көне Отырар қаласының орнына, көне құмырашылар шеберханасына тоқталып, студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, оқытушылар еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы әрі Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласына, XV ғасырда Қ.А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесіне, жер асты мешітіне, Ахмет Яссауи қылуетке түскен жерге аудиторияның назарын аударады.

 

 

Қазақстандағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен, оның пайда болу тарихымен таныстыра отырып, жастарды ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде осындай ғылыми-танымдық шаралардың маңыздылығы зор болып табылады.

 

  

Бұл қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы студенттердің тарихи-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, сонымен бірге студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара.  Студенттердің Қазақстанның тарихы және мәдениеті туралы білімдерін тереңдетуде өткізіліп отыратын ғылыми-танымдық шаралардың маңыздылығы ерекше зор.

 

А.Е. Саденова., Л.Қ. Мұхтар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста