Елордалық ата-аналар балаларын оқытатын мектеп таппай жүр

Елордалық ата-аналар балаларын оқытатын мектеп таппай жүр

Елордадағы жаңа тұрғын үй кешендерінде тұратын балалар жаңа оқу жылында мектепке бармауы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Өйткені, дәл қастарында орналасқан жеке және мемлекеттік білім ошақтары оқушыларды қабылдаудан бас тартқан. Жекеменшік мектепте орындар өзге ықшамауданның балаларына беріліп толса, №71 мектептегі жағдай да сондай. Ұл-қызын оқытамын деп әрі-бері сабылған ата-аналар мұны түсінбей дал.

 

Балалар жазғы каникулдың аяқталмауын санап жүргенде, ата-аналар балалары үшін уайымдап жүр. Себебі, жаңа оқу жылында қай мектепте ұл-қызының білім алатынын білмейді. 1 қыркүйекке дейін екі ай қалды. Қазірден қамданған ата-аналардың ісі әзірге нәтижесіз.

 

Нұргүл Хасанова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

 

- ЖК «Шығыс» тұрғынымын. Дәл мектептің жанында. Сол жерге барып, окрепительный талон сұрағанмын. Жоқ, орын жоқ балаларыңызды қабылдай алмаймыз деді. 71мектепке бар деді, баруын бардық, орын жоқ деді. Қыркүйек айында жаңа оқу жылы басталады. Одан кейін қалай болатынын білмеймін. Біз қиналып қалайын деп тұрмыз.

 

Бас шаһарда тұрғын үй кешендері «жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай» қаптады. Жаңа баспаналар салынғанымен, қасында не мектебі, не балабақшасы жоқ.

 

«Sat City» кешені де солай. Жаңа мекенге қоныс аударғандар үйінің қасындағы емес, қаланың шетіндегі білім ордаларында оқуға мәжбүр.

 

Балқия Сыздықова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

 

- 88мектепке пересадкамен, 20 остановка барып жүрміз. Аэропорттың қасында. Ол мектепте развозка бар. Жарты жыл бойы 20 остановка барып жүрміз. Білмеймін енді, қазіргі кезде үйді салып, мектеп салмау, бақша болмау дегенді мен ұқпаймын. Енді баланы қайда апару керек?

 

Ашуға булыққан ата-аналарды жекеменшік, тіпті мемлекеттік №71, 78-мектептердің басшылығы беске танып алған. Түсірілім тобын ертіп, темірді қызып тұрған жерінде соғып көрмек болып, «Биномға» бас сұқты. Ашылғанына жарты жыл болған мекеменің директоры ата-аналардан қашпай, әрқайсысының талап-арызын тыңдады. Берген жауап біреу ғана. Парта жоқ. Мекемелер оқушыға лық толы.

 

Бауыржан Төленов, BINOM SCHOOL TURAN мектебінің директоры:

 

-  4 шілдеден бастап Тұран даңғылы бойында ашылатын мектепке бізде оқитын, бірақ сол мекенжайға қарайтын балаларды ауыстырамыз. Сосын босаған орынға оқушыларды қабылдаймыз. 1 сыныпқа оқушылар порталмен қабылданады. Бірден айтайын, орын ондай көп емес. Бір жағынан, резервте тұрған 1114 бала бар. Оларға да орын тауып беру керек. Екі ауысымда 4000 баланы оқытып отырмыз. Сондықтан парта саны шектеулі. Бәрін қабылдай алмаймыз.

 

Әрі-бері сабылған ата-аналар Білім басқармасына бармаса да, ондағылар бәрін біліп отыр. «Бином» қабылдамаса, №71 мектеп бар екен.

 

Алайда, бұл мемлекеттік білім ордасы да жобада көрсетілгеннен де көбірек оқушыны оқытып жатыр.

 

Асыл Амангелдиева, Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы бөлімінің басшысы:

 

- «Sat City» тұрғылықты мекенжайы бойынша №71 мектепке қарайды. Атааналар инстаграм желісі бар, сол арқылы шығып жатамыз. Жалпы әлеуметтік желі арқылы шығып жатамыз. Егер шағын учаскелер бойынша қандай да бір сұрақтар туындап жатса, Білім басқармасындағы №701 кабинетке келуге әр ата-ананың құқы бар.

 

Жаңа оқу жылында балаларға парта бұйыра ма деген сұрақ  ашық күйінде қалды. Өйткені, жақын күндері бұл ықшамауданда тағы да баспаналар бой көтереді, сәйкесінше, жаңа тұрғындар көшіп келеді.

 

Шенеуніктер үшауысымды мектеп проблемасын құтылуды ойласа да, мынадай жағдайдан кейін ол болмайтын сыңайлы.

 

Былтыр Қосшыда, биыл елордада да «Ы» әрпінен бітетін сыныптар пайда болуы әбден мүмкін. 

 

Жыл соңына дейін бас шаһарда 23 мың орынға шақталған 11 мектеп пайдалануға беріледі. Ал бірінші сыныпқа баратындар саны 26 мың.

 

Бұл көрсеткіш 1 қыркүйекке дейін өсетін де шығар. Өйктені, өзге өңірлерден астанаға ағылған қазақстандықтар нөпірі айтарлықтай артып келеді.

 

Қала әкімдігі бүгінде Білім және Құрылыс басқармалары арасында тығыз қарым-қатынас орнағанын алға тартады. Бірақ, бұл тұрғын үй салу ісінде ғана көрініп жатыр. Мектеп құрылысы оның шаңына да ілеспей тұр.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста