«Болашақпен» техмамандыққа түсу үшін 5,5 балл IELTS нәтижесі жеткілікті

«Болашақпен» техмамандыққа түсу үшін 5,5 балл IELTS нәтижесі жеткілікті

Биыл бағдарлама аясында техникалық мамандықтарды таңдайтындарға осындай жеңілдік қарастырылып жатыр деп хабарлайды informburo.kz.

 

2022 жылы "Болашақ" бағдарламасымен техникалық мамандықтарды таңдайтындар үшін жеңілдік қарастырылады. Яғни, оларға IELTS бойынша 5-5,5 балл жинаса жеткілікті, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

 

"Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша 555 грант бөлінеді. Соның 60 пайызы – техникалық мамандықтарға тиесілі арнайы нысаналы гранттар. Техникалық мамандықтар бойынша оқуға түсетіндердің барлығына тілдік құзіреттілік бойынша талап бірдей. Осы жылдан бастап техникалық мамандықтарды қолдау үшін ағылшын тіліне қатысты талапты сәл азайтамыз. Мысалы, үміткер IELTS бойынша 5-5,5 арасында алса жеткілікті деп жобалап отырмыз. Яғни, ағылшын тілі бойынша 5-5,5 ұпай алса, ағылшын тілін әрі қарай жетілдіру үшін курстан өтуге мүмкіндік береміз. Осы өзгеріс балалардың техникалық мамандыққа көбірек келуіне әсер етеді", – деді Асхат Аймағамбетов.

 

Мұнымен қатар, білім министрі "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген қазақстандықтар үшін елде жұмыс істеу міндеттемесінің мерзімі өзгермейтінін айтты.

 

"Жұмыс істеу міндеттемесінің мерзімі әртүрлі. Мәселен, қалалық жерлерде – 5 жыл, өңірлердің кейбірінде – 3 жыл, түлектер ауыл мектептеріне барып жұмыс істесе – 2 жылға дейін", – деп қосты министр.

 

Еске салсақ, Ресейде қазақстандық ЖОО филиалдарының ашылатыны туралы хабарлаған едік. Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу Қазақстан және Ресей заңнамасына сәйкес іске асырылады.  

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста