Білімді ел – мәңгі ел

«Өркениеттің шынайы белгісі – мемлекеттің тәрбиелеп шығарған азаматы» деп Елбасы атап көрсеткендей, білімге бағытталған инвестиция – ең қайтарымды, ең игілікті іс болып табылады.

«Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп елбасы кезекті Жолдауында. Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмайды. Дамыған ел - белсенді де білімді, денсаулығы мықты тұлғалары бар мемлекет. Бізге мәлімі, күллі дамыған елдердің сапалы да қалыптасқан бірегей білім беру жүйесінің толымдылығы. Демек, ұлттық білім берудің барша буынының сапасын жақсартуда бізге ауқымды да кешенді істерге бел шеше кірісу қажет. Мәселен, бұл орайда мектепке дейінгі білім беру саласына заманауи бағдарламаларды, ұлттық негізде оқытудың тиімді әдістемелерін даярлаудың қажеттігі, сәйкесінше бұған білікті мамандардың керектігі, ал орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізудің басты назарда ұсталуы. Бұған қоса Елбасы Н.Ә. Назарбаев:«Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі болуға тиіс», - деп атап көрсетеді. Демек, бұл тұжырымдар ағарту, білім беру саласы мамандарына еселенген зор жауапкершілік жүктері даусыз. Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру қолға алынуда. Жаңа білім мазмұнына сәйкес оқытуға кезең-кезеңімен көшу жұмысы басталды.

Бүгінгі таңда өмірге келіп жатқан жас ұрпақ - ертеңгі Қазақ елінің мәңгілік перзенті. Олардың санасына «Мәңгілік ел» идеясын сіңіріп, мән - маңызын ұғындыру міндетіміз. Ол үшін отбасынан басталатын тәлім - тәрбиенің негізін осынау басты ұлттық мұраттың бағытына қарай батыл бетбұрыс жасатуымыз керек. Сонда ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәуелсіздік таңымен арайлап атқан азаттықтың қадір - қасиетін жете сезініп, өзін Мәңгілік елдің, Мәңгілік патриоты ретінде таныта алады.

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.

Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпағына білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты ұстанымы болып отыр. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрініс табуда. Қазақстанның білім саласында әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Барлық жаңғырту үрдісіндегі табыстың негізгі факторларының бірі – ұлттық білім беру жүйесін жаңарту болып табылады», деген сөзін негізге ала отырып елімізде білім беру үдерісі жаңартылуда. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға бағытталған. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірудің стратегиялық мәселелерінің бірі он екі жылдық оқыту үлгісіне көшу болып табылады. Бұл жүйеге көшу дайындығы қазіргі таңда білім беру мазмұнын жаңарту, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту арқылы жүзеге асырылуда. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да ол оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім

күткендегідей нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Сол белсенділікті жүзеге асыратын – жаңартылған оқу бағдарламасы. Оны өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдыретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана іске асырады. Білім беру кеңістігіне кірудің стратегиялық мәселелерінің тағы бірі – мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталуда. Білімі мен білігі, мәдениеті жоғары, іскерлікке қабілетті елдің азаматтары өркениет көшін өрге бастайды. Бұл орайда жас ұрпаққа білім-тәрбие беріп, аталмыш дағдыларды балалардың бойына дарытуға мұғалім-дердің қосар үлесі мол. Оқушылардың мектепте алған білімін өмірде кеңінен қолдануына жол ашуды мақсат тұтатын бүгінгі білім беру жүйесіне қойылып отырған талап та зор.

Қазақстан халқының мәңгілік мұратына айналған бұл ұлттық идея бір сәтке де санамыздан өшпеуі керек. Әсіресе ұрпаққа ұлағатты тәрбие беретін педагогтардың басты ұстанымы бола бермек. Егер бүгінгі бүлдіршінді халқымыздың жарқын болашағы мен еліміздің кемел келешегі үшін еселі еңбек ететін, адалдықтың ала жібін аттамайтын азамат ретінде қалыптастырсақ, онда мақсатымыздың толық жүзеге асқаны.

1. "Егемен Қазақстан"

2. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. – Алматы.

3. www.inform.kz

 Татаева Айжан Усмановна

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

«С. Сейфуллин атындағы ЖОМ» КММ

Директордың оқу ісі орынбасары

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста