Бастауыш сынып оқушыларының басын ғылыммен қатыру қажет пе?

Бастауыш сынып оқушыларының басын ғылыммен қатыру қажет пе?

Еліміздегі ең бастамашыл министрлік тағы бір бастама көтерді. Бұл жолы Білім және ғылым министрлігі Корея Республикасының үлгісін алмақ. Яғни «баланы бастан» деген қағидаға сүйеніп, балаларды жастайынан ғылымға баулуды қолға алмақшы. Ол үшін бастауыш сынып бағдарламасына «Ғылымға кіріспе» пәні енгізілетін болады.
ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтің айтуына қарағанда, 2015 жылы Қазақстанның 63 мектебінде бастауыш сынып бағдарламасына «Ғылымға кіріспе» атты жаңа пән енгізіледі, ал 2016 жылдан бастап еліміздегі барлық бастауыш сыныптар аталмыш пәнді оқитын болады. Бұл туралы вице-министр «Корея Республикасының үлгісінде өнертапқыштық және креативті ойлауға үйрету әдістемесі» оқу семинарының барысында хабарлады.
Е.Иманғалиевтың айтуынша, бұл пән Назарбаев интеллектуалды мектептерінің негізінде енгізіледі және қазіргі уақытта оны жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқын көрінеді.
Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, ҚР білім және ғылым вице-министрі:
– Осы күні аталған жаңалықты енгізу үшін бұл тәжірибе Назарбаев интеллектуалды мектептерінің негізінде Талдықорған, Астана және Көкшетеудағы бастауыш сыныптарда жүргізілді. Және ол жалпы білім беретін мектептерге таралуда. Қазір біздің мұғалімдердің 27 пайызы Назарбаев интеллектуалды мектептерінің базасында үш деңгейлі курстардан өтті. Олар Кембридж университетімен бірге осы жобаны жүзеге асыруда.
Иә, жаңашылдыққа ұмтылу жақсы-ақ. Алайда бастамашыл министрлікте басталған талай бастаманың аяқсыз қалып, сол мақсатқа бөлінген қаржының желге ұшқаны белгілі. Сондықтан бұл бастамаға қатысты да көкейде күдік пен күмәннің басым екені рас. Өйткені ауыл мектептерін айтпағанда, қала мектептерінің бәрінде де бұл бастаманы іске асыратын жағдай жоқ екені анық.
Өзгесін айтпағанда, қазіргі таңда мектептерде балаларды жастайынан еңбекке баулитын «еңбек» пәнін толыққанды өткізуге жағдай жасалмаған. Аталмыш пән мұғалімдерінің айтуынша, мектептерде қарапайым құрал-сайман да жоқ. Ал ауыл мектептерінде еңбек пәні басқа пәннен сабақ беретін мұғалімге қосымша пән сияқты жүктелетіні жасырын емес. Еңбек пәні кезінде балалар мектеп ауласында доп теуіп ойнап жүретіні әмбеге аян.
Бүгінгі таңда мектептегі шынайы жағдай министрліктің есебінен әлдеқайда алшақ. Мысалы, министрлік есебі бойынша еліміздегі барлық мектептер компьютерлермен қамтылған. Алайда, жағдай есептегіден басқаша. Кейбір ауыл мектептерінде бір ғана компьютер болса, енді бірінде атымен жоқ. Ал кей мектептерде бар компьютерлер де пайдаланылмайды.
Жыл басында Оңтүстік Қазақстан облысында болғанда компьютерден қағаз басып шығару қажет болып ауыл мектебіне бас сұққаным бар. Досымның әйелі сол мектепте жұмыс істейтін болғандықтан өтініш жасадым. Мектепке барсақ, компьютер сыныбы жабық екен. Информатика пәнінің мұғалімін тауып сыныпты ашуды өтінсек, «кілт директорда» дейді. Сөйтсек, компьютер бұзылып қалады, бұзылып қалса оны өз қалтамнан жөндетуім керек, ол үшін ақша бөлінбейді» деп директор кілтті ешкімге бермейді екен. Тек сабақ болатын кезде ашып, бір компьютерді ғана қосуға рұқсат беріп, біткен соң кілттеп кететін көрінеді. Информатика пәні мұғалімінің айтуына қарағанда ол компьютерлерге 4-5 жыл болған, яғни ескі үлгідегі компьютерлер. Соның өзін оқушылар толық пайдалана алмайды. «Бар жағдайды ашық айтыңыздар, бұл жайлы газетке жазайын» десем, мұғалімдер «мұны білсе директор бізді жұмыстан босатады, жазбаңыз» деп өтінді. Сондықтан қолдан келер көмегім болмаған соң, ең болмаса зияным тимесін деп ол ойымнан қайтуға мәжбүр болдым. Өйткені, бүгінгі шенділер сын айтсаң сыйламады, кемшілігін көрсетсең көре алмады деп қарайды.
Министрлік мамандарының сөзіне қарағанда тәжірибе Назарбаев интеллектуалды мектептерінде жүргізілген. Әрине ол мектепте барлық жағдай бар. Ал қарапайым мектептерді Назарбаев интеллектуалды мектептерімен салыстыруға келмейтіні бесенеден белгілі. Сондықтан арбаның алдына түсіп кетпей, алдымен қарапайым мектептерде де жағдай жасап алу керек шығар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста