Ахмет Ясауи университеті Еуропаның ең үздік 25 ЖОО-на жолдама үлестірді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Түркі Кеңесінің V саммитінде сөйлеген сөзінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін Түркі әлемінің ортақ оқу орнына айналдыруды ұсынған болатын.
Қазіргі таңда Ахмет Ясауи университеті қабырғасында 1200-ден астам Түркі дүниесінен келген жастар білім алып жатыр. Оқу орны өз миссиясына тән жыл сайын түркі әлемінің 15 елінен 28 ұлт пен ұлыстың білімді жастарын оқуға қабылдап келеді. Бүгінде университетте 8000-ға жуық студент білім алады.
Болон үдерісіне енген әлем университеттері арасында академиялық ұтқырлық бойынша студенттер алмастыру бүгінде үлкен маңызға ие болып отыр. Осы ретте Болон үдерісіне енген Ахмет Ясауи университеті де жыл сайын шетелдік үздік оқу орындарына білімгерлерді жіберіп келеді.
Олар Түркия Республикасының Хажеттепе, Нежметтин Ербакан, Акдениз, Гази, Эржиес, Жумхуриет, Дүзже, Кырыккале, Диджле, Ялова, Р.Т.Ердоган, Ушак, Мустафа Кемал, Йылдырым Беязит, Абант Иззет Байсал, Карабюк, Кастамону, Ардахан, Ахи Эвран, Бурса Улудаг, Сакарья университеттеріне, сонымен қатар Польша еліндегі Лодз университеттері секілді үздік саналатын 25 ЖОО-да ағылшын және түрік тілдерінде дәріс тыңдайды. Негізгі мамандақтары медицина, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану мамандықтары болып отыр.
Аталмыш салатанатты жиынның шымылдығы университет президенті, профессор У.Әбдібеков сөзімен ашылды: «Құрметті студенттер! Құрметті университет ұжымы! Бүгін «ақ түйенің қарны жарылған» күн, үлкен той! Ел, жер көріп, мәдениетін танып, үлкен жетістікке жетіңіздер! Университет туын биік ұстаңыздар! Бұндай 400-ден астам студентті жіберу жетістігі басқа ешқандай оқу орындарында жоқ. 29 студент Еуропа университеттерінде,  397-сі Түркия университеттерінде оқиды. Барған жерлеріңізде достар тауып, жақсы қарым-қатынас орнатып қайтыңыздар. Білім, ғылым тоқып, үлкен маман иесі болып шығуларыңызға тілектеспін»–деп, ыстық лебізін білдірді. Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент М.Нурсой да игі тілегін білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.
Игі тілектерден соң жолдамаға ие болған студенттер атынан қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде алғыстар айтылды. Сондай-ақ, шетелге оқуға жолдама алған білімгер анасы Г.Ағыбаева қуанышты ақ пейілімен алғысын айтып, барлығына ақ жол, сәттіліктер тіледі. Ал, Н.Орманов ұстаздық әрі ата-аналық қуанышын, бұл сапардың үлкен мүмкіндік екенін жеткізді: «Құрметті студенттер! Бәсекелестікке төтеп беру үшін іргелі, мықты, классикалық білім алуларыңыз керек. Университетімізде соңғы екі жылда үлкен жұмыстар атқарылды. Білім беру бағдарламаларын әлемдік деңгейге сәйкестендірдік. Білім – мықты капитал. Біздің университетіміздің болашағы зор».
(Суреттерді түсірген О.Назаров).         


Асқат Сәдібеков,
университет баспасөз қызметінің жетекшісі. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста