Атырау облысында мектеп оқушысын аяусыз соққыға жыққан

Атырау облысында мектеп оқушысын жоғары сыныптың бірнеше баласы аяусыз ұрып тастаған. Сау-тамтығы қалмаған 15 жастағы бала  қазір ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Келеңсіздік облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы Исатай елдімекенінде болған.

 

Алақандай ауылдағы қатыгездікке не себеп болды? Бұл - мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік пе?

 

Бауыр еті баласының сау-тамтығы қалмаған денесін көрген анасы өзін қоярға жер табар емес. Жасөспірім «футбол ойнап  жүріп, құлап қалдым,- деп, болған жайтты анасынан алғашында жасырған. Анасы оның соққыға жығылғанын, аяғын баса алмай қалған кезде бір-ақ білген. Дереу полицияға шағымданып, оқушыны дәрігерлер бірден облыс орталығына алып кеткен.

 

Ақ халаттылар науқастың ауруханаға түскендегі жағдайы ауыр болғанын айтады.  

 

Гүлмира МЕРҒАЗИЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 

– Қол жағын ісіріп қойған соғып,  аяғын ісіріп қойған соғып, бөтеке жағын соққан, кеудесін соққан балалар.Түскенде бәрі ісік болды ол жерде.  Диагнозы множественный ушибы мягкий ткани правого плеча, берда и грудной клетки. Ар жағында разрыв органов құдайға шүкір жоқ. Қазіргі жағдайы жақсаруда.

 

Ұлының денсаулығына алаң анасы, мектеп басшылығының бейқамдығына ашулы. Гүлзада Мұсағалиеваның айтуынша білім ошағы 9-сынып оқушыларының әлімжеттік жасап жүргенін біле тұра көз жұма қараған.

 

Гүлзада МҰСАҒАЛИЕВА, ИСАТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

–  Әлімжеттік қой. Жоғары сыныптың балалары соғып,  мына істі сен достарыңды сатпайсың деп өз достарына тептірген екен. Үстін шешіндерген. Көк ала қойдай болғанын көрсеткен. Балалардың жаза алуын, мектеп ұжымының да  осыған жеңіл-желпі қарағаны үшін жазалануын талап етемін.

 

Мектеп басшылығының айтуынша,  оқиға сабақтан тыс уақытта болған. 9-сынып оқушылары алдымен сыныптасының үйіне жиналыпты.  Соққыға жығылған 8-сынып оқушысы да көбіне осы балалармен бірге жүретін дейді.

 

Айгүл ӘДІЛОВА, ИСАТАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

– Балалармен сөйлесіп жатырмыз. «Сөзіне  тұрмайды. Уәдесіне тұрмайды. Айтқан сөзінен тайқиды. Сол себепті ұрдық»,- дейді.  Менің қолымдағы мәлімет бойынша, 9 бала жаңағының ішінде болған. Қарап тұрғаны бар, ұрғаны бар. Бірақ үйіне кеткеннен кейін де ата-ана қарау керек қой.  

 

Қазір болған оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабымен іс қозғалды. Аудандық полиция бөлімі тергеуді бастап кетті.

 

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 

– 2007 жылы туылған жсөспірім оқушы баланың таяқ  жегені, соғылғаны туралы ата-анасы полицияға арызданған. Аталған фактіге күдікті ретінде сол мектептің 9 сынып оқитын екі оқушысы анықталды қазіргі таңда. Қылмыс бойынша ҚК 107 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Полиция әзірге күдікті ретінде  екі оқушыны атап отыр. Ал қасында болған өзге жасөспірімдердің қылмысқа  қатысы бар-жоғын тергеу анықтайтын болады. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, ата-аналарына екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынбақ. Немесе үш жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста