Астана мектептерінің Кадеттік сыныптары салтанатты түрде ант қабылдады

Астана мектептерінің Кадеттік сыныптары салтанатты түрде ант қабылдады

2016 жылдың 29 қазаны күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Астана қаласының 13-ші және 57-ші орта мектептерінің кадеттік сыныптары салтанатты түрде ант қабылдады.

Кадеттік сынып – бұл «Жан досым» Балалардың бойындағы интеллектуалдық мінез-құлықты және денені дамыту академиясы» аясында «Асыл бала» әскери-патриоттық орталығы және республикалық ассоциациясымен» бірлесіп бастау алған жоба.
«Кадет сыныбы» жобасының мақсаты «Мәңгілік ел» патриоттық актін жүзеге асыру және жаңа қазақстандық патриотизм идеясы негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және біздің еліміздің болашақ іргетасын қалайтын жастарды әскери-патриоттық тұрғыда әскери қызметке тәрбиелеу, жалпыхалықтық құндылықтарды қастерлеу болып табылады.
Іс-шара бағдарламасында Қорғаныс министрлігіне қарасты құрметті қарауыл ротасының қойылымдары, үрмелі оркестрдің өнері көрсетілді. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын «Жас ұлан» республикалық мектебінің ту ұстаушы тобының алып шығу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының орындалуымен басталды. Содан кейін кадеттіктер салтанатты түрде ант қабылдады.
Бұл іс-шараға Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштердің ардагерлері, ҚР бала құқығы бойынша өкілетті адамдар, Қазақстанның Олимпиада чемпиондары қатысты.

alashainasy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста