Ардагер ұстаз, аяулы ана ОРЫНША ҚАРАБАЛИНА – 90 жаста

Ардагер ұстаз, аяулы ана ОРЫНША ҚАРАБАЛИНА – 90 жаста

Әр адамның пешенесіне қандай тағдыр жазылғанын өзі де, өзге де білмейді. Қандай тағдыр бұйырса да, шүкіршілігін айтып, қабылдай білетін адамдарды батыр дерсің. Өмірдің титтей болса да қуанышына шын шаттанып, қиындығы болса қасқайып қарсы тұратын, сөйте тұра өмірдің құндылығын өзгеге ұғындыра білетін жандардың бірі, ұлағатты ұстаз, аяулы ана  – Орынша Қарабалина. Алпыс жылдан астам өмірін ұстаздыққа арнаған ардақты жан Орынша Жолмұратқызы биыл 90 жасқа толып отыр. Ардагер ұстаз өзінің адал еңбегімен, асқан шеберлігімен, ұлтқа деген жанашырлығымен, ұрпаққа деген жауапкершілігімен ерекшеленіп, талай шәкірттің шырағын жақты.

Орынша Қарабалина 1932 жылы 7 қарашада Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Ол – текі әулеттен шыққан асылдың сынығы. Әкесі Ұзақбай Қылымбетов елге сыйлы, білімді азамат еді. Орынша апайдың 5 жасар шағында әкесіне «Халық жауы» деген жала жабылды. «Халық жауының қызы» деген жала қайда барсақ соңымыздан қалмады, тіпті аулада балалармен ойнай алмайтын едік» деп еске алады Орынша апай. Бала кезінен солақай саясаттың азабын көрген қаршадай қыз әкесін «әке» дей алмады, тіпті тегін ауыстыруына тура келді. Тағдырдың ызғарына мойымаған Орынша Қарабалина жастайынан білімге құмартып өсті.   

20 жастағы өжет қыз 1952 жылы Қазақтың мемлекеттік әйелдер педагогикалық инстутитын «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол ұстаздық жолын қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастайды. Мектепте алғашқы күндерден-ақ іскерлігімен көрініп, алғашқы төрт жыл ішінде Талдықорған облыстық комсомол комитетінің пленум мүшесі, Қазақстан ЛКСМ орталық комитетінің ҮІІІ съезінің делегаты болып сайланды.

«Орынша Қарабалина келе жатыр дегенде мектептегі абыр-сабыр, у-шу сап тыйылатын. Ол кісі сабақ бергенде кластың ішінде шыбынның ызыңы ғана білінетін. Барлық оқушының жанары да, құлақтары да, назары да алдарындағы ұстазда болатын. Мұғалімнің сабақты тартымды, мазмұнды етіп өтетіні соншалық, 45 минуттың қалай өткен байқамай қалушы едік. Ол кісі сабақты түсінбеген баланы көзінен білуші еді» дейді ұстаздың шәкірттері.

Оқушыларға махаббаты мен білімін бере отырып, жөнімен еркелете де, тәрбиелей де алатын қамқор жан нағыз ұстаздың шынайы образы қандай болатынын қалыптастырып берді.

Бүгінде ұстадық етіп жүрген талай адамның өз балаларына тиісті тәрбие бере алмай жүргендерін байқап қаламыз. Өйткені жұрт ұстаздың жүріс-тұрысынан, бүкіл іс-қимылынан үлгі алады, оны отбасына, балаларының білімі мен тәртібіне қарап бағалайды.

Орынша Қарабалина – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаевтың жары.  Абыройлы азаматқа өмірлік серік бола білген Орынша апай Кәкімжан аға екеуінің өмірі туралы айтқанда тебіреніп кетеді.

– Біз Кәкең екеуміздің бірге өткен 33 жылымыз 33 күндей өте шығыпты. Әрбір күніміз бақытқа толы болды. Жұмыстан қандай жағдайда да жайдары қалпында, жарқырап кіріп келетін. Біріміз тәпішкесін беріп, біріміз қолынан папкасын алып, немерелері жан-жа­ғынан қаумалап, сырт киімін шешуге мүм­кіндік бермейтін. «Ойпырым-ай, бәй­біше, бәрін тік тұрғызғаның не?» дей­тін. Балаларының хал-жағдайын біліп, бес алғандарын мақтап, қандай ойын ойнағандарына дейін сұрап отыратын. әкең маңдайыма жел болып тиген емес. Қазан-аяқ сылдырамайтын үй болмаса да, Кәкеңнің мінезін білетін адамдар осы бақытымызға сенетін.

Кәкең мені жақсы мұғалім болуға да баулыды. Одақтық басылымдарда білім, мектеп жайлы қандай мақалалар жазылып жатыр, осының бәрін қиып алып, үстеліме қоятын. Қызметі ауыр болса да, ақыл-кеңесін беруден жалықпай өтті. «Әрбір оқушы – тұлға, дұрыс сөйлес» деп отырушы еді. Мені жазуға да баулыды. «Әңгімені жақсы, жүйелеп айтасың, осыны қағазға түсіріп үйрен, бастапқыда қиын болады, біртіндеп төселіп кетесің» деп, мақала жазуыма мұрындық болды, – деген еді Орынша апай өзінің басылымдарға берген сұқбаттарының бірінде.

Орынша Қарабалина 1956 мен 1959 жылдар арасында газет пен журналдардың редакциясында жұмыс істеген.  Ал 1961 жылы қазіргі Республикалық мектеп-интернатқа орналасып, зейнетке шыққанша осы мектепте тарих,  адам және қоғам пәндерінің мұғалімі қызметін атқарған. Жалпы жұмыс өтілі – 53 жыл.

          Орынша Қарабалина жазушылықпен де айналысты. Педагогтер өміріне арналған «Ұстаз жүгі қашан да ауыр» (1979 ж.),  «Ұстаз бақыты» (1990 ж.), «Тағдыр» (1999 ж.), «Жүрек сыры» (2009 ж.), «Ұстаз жүгі – ауыр, қиын, қызық» (2020 ж.) атты кітаптары жарық көрді. Сонымен қатар, ол – отызға тарта мақаланың авторы. 1978 жылдан бастап Орынша Қарабалинаның республикалық басылымдарда мақалалары жарияланып, теледидардан, Қазақ радиосынан сөйлеген сөздері алтын қорға алынған. 1998 жылы шыққан «Қазақтар» энциклопедиясының 9-томына мақалаларының көрсеткіштері енгізілген.

          Орынша Қарабалина еліміздің дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін түрлі марапат алған. «Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің озық қызметкері» (1968 ж.), «КСРО білім беру ісінің үздігі» (1983 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (1998ж.), «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен (2012 ж.), «Еңбек ардагері» медалімен (2018ж.) марапатталған. Ал «Мектебім – мақтанышым, өмірім» атты мақаласы  үшін «Қазақстан мұғалімі» газетінің арнайы тағайындалған сыйлығына ие болды. Сонымен бірге, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағын алған. Биыл Орынша Қарабалинаға Алматы қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Орынша Қарабалина – қазақ еліне Нұртас Қазыбаев, Батыр Қазыбаев секілді білімді, парасатты, мықты азаматтарды сыйлаған ана.  Ұясында әкенің қамқорлығы мен ананың адалдығына, мейіріміне қанып өскен балалар еліне қызмет ететін азаматтар болып қалыптасты. Нұртас Қазыбаев – өзінің жасындай жарқ еткен қысқа ғана ғұмырында мыңдаған адамға өмір сыйлаған дәрігер. Білікті хирург өзінің  еңбек жолында 30 мыңдай ота жасап, адам өміріне арашашы болды. Нұртастың інісі Батыр Қазыбаев – есімі бүкіл елге танымал белгілі медиаменеджер. Жастайынан зерек болып өскен Батыр әкесінің жолын қуды, қазақ журналистикасына өлшеусіз үлес қосты. Батыр Қазыбаев құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары кіретін медиахолдингті 10 жылдан астам уақыт басқарды, Ретро FM Қазақстан, Жұлдыз FM радиостанциясы, СТВ телеарнасын басқарды және "Жетінші арнаның" негізін қалады. Батыр Қазыбаевты медиасфераға жол салған тұлға деп атауға болады.

Өкінішке орай,  Кәкімжан Қазыбаев пен Орыша Қарабалинаның қос құлыны Нұртас та, Батыр да 53 жасқа қараған шақтарында бұл фәнимен қоштасып кете барды. Нұртас Кәкімжанұлы 2012 жылы тамыз айында дүние салды. Араға 10 жыл салып, 2022 жылдың наурызында ауыр науқакстан  Батыр Қазыбаев көз жұмды. Жаратқанның ісіне шара бар ма, әркімнің өзіне өлшеніп берген талқаны бар...

Орынша апай жарынан, Нұртас баласынан айырылғаннан кейін көңіліне медеу, өзіне демеу болған баласы Батыр еді. Ол анасына тек жақсылығын көрсетті, қамқорлығын аямады. Бүгінде Орынша апайдың жары мен қос ұлы жайлы ойламайтын күні жоқ. Арыстай азаматтарына әрдайым құран бағыштап отырады. Апамыздың ендігі алданышы – немерелері. Алла Қазыбаевтар әулетінің ұрпақтарына ғұмыр берсін! Орынша апайымызға денсаулық тілейміз!

Алаш айнасы

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста