Алматылық ұстаз тарих пәнін «Майнкрафт» ойынымен өткізеді

Алматылық ұстаз Болат Қанатұлы тарих пәнін ерекше тартымды әрі қызықты етіп өткізеді. Ол үшін мұғалім әлемге әйгілі «Майнкрафт» компьютерлік ойынын қолданады.

 

Оқушылар сабақты  ойын түрінде оқиды. Сұрақтарға жауап беріп, мұғалім тапсырмасын да орындайды.  

 

Қаладағы нөмірі 69-шы орта мектептің 5-6 сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәнін асыға күтеді. Мұғалім Болат Қанатұлына деген құрметтері бөлек.

 

Былтыр карантин талабы қатал уаықтта сабақты үйлерінен отырып оқыған оқушылардың ынтасын арттыру үшін ұстаз ерекше ұсыныс жасайды. Барлығы ортақ платформаны пайдаланып отырғандықтан, сабақты «Майнкрафт» компьютерлік ойынында өткізейік дейді. Оқушылар қуана қабылдады. Қазір Қазақстан тарихы сабағынан бір де бір оқушы қалмайды екен. 

 

Сергей Макаров, оқушы:

 

- Қазақстан тарихын «Майнкрафт» арқылы оқу өте қызық. Тақырыпты тез меңгеруге көмектеседі. Тарихи кезеңді, қалалар мен оқиғаларды түрлі бейнелер құрастырып жасауға болады. Виртуалды сабақ оқушылардың ынтасын оятады.

 

«Майнкрафта» ұстаз бен оқушылар арасында үнемі пікір алмасу өтіп жатады. Виартуалды әлемде Сақ қорғандарының ішіне еніп, зерттеуге болады. Ғұндардың тұрмыс-тіршілігін көріп, жоңғар шапқыншылығының қалай басталғанын да виртуалды түрде келтіруге мүмкіндік көп.

 

Ойын барысында оқушыларға Қазақстан тарихының әр кезеңі мен оқиғалары туралы сұрақтар қойылады. Стратегиялық ойынның келесі кезеңіне өту үшін сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Соған қарай тиісті баға қойылады.

 

Болат Мыңбаев, №69 мектептің мұғалімі:

 

- Қазақстан тарихы тәрбиенің ұйытқысы ғой. Қазақстан тарихын білген бала тәрбиелі, ұлтжанды бала болады. Сондықтан сабақты қызықты ету үшін «Майнкрафт» арқылы өтекіземіз. Пандемияның жаман жақтары өте көп. Бірақ бір жақсы жағы біз технологияға әбден кірдік. Сондықтан да мен қашықтан мұғалімдерді «Майнкрафта» сабақ беруге үйрете аламын. Екі семинар ғана жеткілікті.

 

Бұл мектепте биология мен химия пәндері де компьютерлік ойын арқылы өткізіледі. Оқушылар сабақты қиналмай, күліп ойнап оқуы керек. Сонда ақпарат жадында ұзақ уақыт сақталады дейді Болат Қанатұлы.

 

Ал 1 мамырда ол еліміздің барлық оқушыларын Қазақстан тарихы бойынша өтетін ауқымды квест ойынға шақырады.

 

 

 

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста