Алматыда nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің жабылу салтанаты өтті

Алматыда nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің жабылу салтанаты өтті

АЛМАТЫ, 2022 жылғы 11 тамыз – Қазақстандағы ең ірі nFactorial IT-инкубаторы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ұйымдастырған жазғы бағдарламалау лагерінің салтанатты жабылуы өтті. Лагерь 10 аптаға созылды және оның аясында еліміздің жас таланттары 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасады.

Лагерьге қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресейден 4000 үміткер өтініш білдірді, оның ішінде бағдарламаға 200 үздік әзірлеуші ​​шақырылды.

10 аптаның қорытындысы бойынша Инкубатор қатысушылары елде бұрын соңды жасалмаған web3 қосымшаларын, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен географиясын зерттеуге арналған ойындарды, қазақ музыкасы мен поэзиясын насихаттауға арналған қосымшаларды, экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған қосымшаларды және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешетін бағдарламаларды жасады.

Финалда қазылар алқасына 20 үздік веб-қосымша ұсынылды. Қазылар алқасының құрамында:

- Бағдат Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
- Асхат Омаров – америкалық «Farel» стартапының бас директоры
- Николай Мазенцев - «Choco Holding» басқарма төрағасы
- Лейла Айтмұханова - Қазақстандағы Шеврон компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі
- Зәуре Розмат – The Steppe интернет-басылымының бас директоры
- және басқа да мамандар.
Биылғы инкубатордың жеңімпаздары – Бауыржан Тұрсынбек (қола медаль), Әділ Жапар (күміс медаль) және Бауржан Әбенов (алтын медаль).

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мырза өз сөзінде еліміздің экономикасын жаңа деңгейге шығаратын 100 000 IT-маманды даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Мусин мырза Қазақстандағы үздік әзірлеушілердің, әсіресе nFactorial мектебінің түлектерінің қазақ тілінде ІТ-білім беруді дамыту бойынша жасап жатқан жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.

Ал Саясат Нұрбек мырза өз кезегінде елімізде IT-білім берудің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, университеттерді nFactorial инкубаторы сияқты тәуелсіз бағдарламалармен бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

«Шеврон компаниясы – Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор. Біздің әлеуметтік инвестицияларымыздың негізгі бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, экономикалық даму және экология салаларына бағытталады. Біз nFactorial-мен серіктестігімізді мақтан етеміз және Қазақстанда дарынды жастарыды тауып, оларды дамытуға үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Балалар осы бағдарламаның құндылықтарын жақсы сіңірген, олар өздері де дамып, елді де дамытып, білімдерін бөлісіп, эмпатияларын арттырып, жаңа шеберлікті игеруге дайын», – дейді «Шеврон» компаниясының Қазақстандағы әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова.

nFactorial инкубаторында жасалған барлық қолданбаларды мына жерден көруге болады https://n17r-board.vercel.app/ .

nFactorial Incubator - бұл жас бағдарламашыларға арналған 10 апталық жоғары деңгейлі, әрі қарқынды дайындық бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – отандық IT қызметтерін экспорттау және сату арқылы Қазақстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби бағдарламашылардан тұратын арнайы жасақ құру.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста