Алматыда балабақша бағасы қымбаттады
Азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына байланысты Алматыдағы мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ақысы да өсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, биыл ай сайынғы төлем 4500 теңгеге көтерілген.
Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылы 22,1% - ға өсті.
«Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты 2022 жылы тамақтану үшін ата-ананың төлемақысының мөлшері 20 500 теңгені құрады.
2023 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ата-ана төлемнің мөлшері күніне 1 балаға тамақтану нормаларын, жұмыс күндерінің санын, Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сәйкес, өнімдердің орташа құнын ескере отырып есептелген және айына 25 000 теңгені құрады»,- деп мәлімдеді Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматыдағы 193 мемлекеттік балабақшада 40 мың 203 бала тәрбиеленіп жатса, ал 706 жекеменшік балабақшаға 38 мың 381 бала барып жүр.