30 жасында үш мәрте магистр дәрежесін алған ең жас проректор

30 жасында үш мәрте магистр дәрежесін алған ең жас проректор

Білім және ғылым министрлігі елімізде ғылым саласындағы ең жас әйел-проректордың есімін атады. Ол 30 жасында үш мәрте магистр дәрежесін алған Айжан Темербаева, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның хабарлауынша, Айжан Темербаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Назарбаев университетінде, Нью-Йорктегі Колумбия университетінде оқып, 30 жасында үш мәрте магистр дәрежесін алған.

 

Сондай-ақ, докторлық диссертациясын сәтті қорғап, білім саласындағы PhD дәрежесін алған.

 

Бүгінде ол Қарағанды техникалық университетінің проректоры.

 

Айжанның диссертациясының тақырыбы - қазақстандық ЖОО-да ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған.

 

 Ғалым "Жастар іс-тәжірибесі" бағдарламасын зерттей келе, мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысын жақсарту бойынша ұсыныстарын дайындаған.

 

Сонымен қатар, БҒМ Айжан Темербаева ғылыми капиталды дамыту бойынша ұлттық және халықаралық жобаларға белсенді түрде қатысып жүргенін атап өтті. Оның ғылыми еңбектері рейтингі жоғары халықаралық журналдарда жарияланған.

 

"Мен үшін докторлық бағдарламаларды насихаттау маңызды. Шетелде PhD докторлары 100 пайыз зерттеу әдістемесін меңгерген адам болуы керек, тиісті халықаралық деңгейде зерттеу жүргізе алатын және еңбектерін әлемдік журналдарда жариялай алатын мүмкіндігі болуы тиіс. Қазіргі таңда ғалымдарға әлеуетін арттыруға заңнамалық және материалдық тұрғыда жақсы жағдай жасалып жатыр. Отандық ғылымды дамытуға үлесімді қосқым келеді", - дейді Айжан Темербаева.

 

Сонымен бірге, министрліктің хабарлауынша, Темербаева Жас ғалымдар альянсын құрушылардың бірі.

 

"Елімізде ғалымдар пікір алмасатын алғашқы алаңға айналған ұйымға ғылымның әртүрлі саласынан 300-ден астам жас зерттеуші мүшелік етеді. Альянс жас ғалымдарға қолдау көрсетеді және жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Осы уақытқа дейін 20-дан астам жас ғалым грант ұтып алды", - дейді ведомстводан.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста